Бокс • 06 Мамыр, 2017

Ерік Әлжанов – күміс жүлдегер (видео)

607 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан Астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында 81 кило салмақта жұдырықтасқан Ерік Әлжанов финалдық айқаста жеңіліске ұшырады.

Ерік Әлжанов – күміс жүлдегер (видео)

Ерік Әлжанов пен өзбек боксшысы Бектемір Меликузиев арасындағы кездесу бірден алма-кезек шабуылдармен басталды. Әлжанов алғашқы раундта ширақ қимылдап, бірнеше соққысын дарыта алды. Нәтижесінде, бес төрешінің үшеуі қазақ боксшы бірінші раундта жеңді деп шешім қабылдапты. Ал қалған екі кезеңде Әлжанов шаршап қалғандай көрінді. Осы сәтті өзбек боксшысы дер кезінде пайдаланып, ойластырған айла-тәсілдерін ұтымды пайдаланды. Қорытындысында, Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Б.Меликузиев жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды.
Алмас МАНАП,
«Егемен Қазақстан».
Ташкенттен