Бокс • 07 Мамыр, 2017

Абылайхан Жүсіпов – күміс жүлдегер

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жегінде Абылайхан Жүсіпов жеңіліс тапты.

Абылайхан Жүсіпов – күміс жүлдегер

69 кило салмақта сайысқа түскен жерлесіміз бірінші раундта-ақ нокдаунға түсіп қалды. Бірақ, тез есін жиған ол төрешіге ұрысты ары қарай жалғастыруға дайын екенін жеткізді. 
Қалған уақытта өзбек боксшысы Шахром Гиясовпен тең дәрежеде айқасқан Абылайхан Жүсіпов кездесуді өз пайдасына шеше алмады. Нәтижесінде, барлық төреші өзбек боксшысын жеңімпаз деп таныды. 
Алмас МАНАП, 
«Егемен Қазақстан», 
Ташкенттен.
фото: Данияр Майлыбаев.