Ата заң • Бүгін, 18:22

Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық қоғамның жаңа мән-мағынасы мен құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбында сарапшылық талқылау өтті. Бұл туралы Философия, саясаттану және дінтану институтының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды

Фото: Философия, саясаттану және дінтану институтының баспасөз қызметі

Іс-шараны Философия, саясаттану және дінтану институты ұйымдастырды. Талқылау жаңа Конституция жобасын жан-жақты талдау, ғылыми қауымдастық өкілдері мен Конституциялық комиссия мүшелері арасында пікір алмасу, сондай-ақ қазіргі заманғы конституциялық өзгерістерді түсіндіру және бағалау тәсілдерін айқындау алаңы болды.

Талқылауға ғылыми қауымдастық өкілдері, сарапшылар және Конституциялық комиссия мүшелері қатысты. Қатысушылар жобаның негізгі ережелерін, соның ішінде халықаралық және ұлттық құқық арасындағы үйлесімділік, реформалардың гуманитарлық және құндылықтық аспектілері, азаматтық қатысу механизмдерін дамыту және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту мәселелерін қарастырды.

«Реформалардың гуманитарлық өлшемін және мәдени-идентификациялық факторларды ескеру қоғамдық дамудың сабақтастығын сақтауға және құндылықтық бағдарларды нығайтуға ықпал етеді», деп атап өтті А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, Конституциялық комиссия мүшесі Анар Фазылжанова.

Философия, саясаттану және дінтану институты бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Шолпан Джаманбалаева Конституция жобасында әртүрлі әлеуметтік топтардың және азаматтық қоғам институттарының мүдделерін ескеруге арналған механизмдер қарастырылғанын айта кетті.

Институттың Әлемдік және қазақ философиясы орталығының жетекшісі Серік Нұрмұратов Жобаны талқылау қоғамның жоғары қызығушылығын танытқанын және тұрақты конституциялық нормаларды сақтау маңызды екенін қоса айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасы елдің құқықтық дамуының сапалы жаңартылған моделін қалыптастыратынын атап өтіп,конституциялық реформаны мемлекеттің және қоғамның жаңғыруындағы маңызды кезең ретінде қолдады.

Соңғы жаңалықтар