Президент • Бүгін, 13:46

Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңілік экологиялық саммит аясында Президент су қауіпсіздігі мәселесі Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін аса маңызды екендігіне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады

Мемлекет басшысы болшағымыз тіршілік нәрін қаншалықты тиімді әрі әділ пайдалана білуге тікелей байланысты екендігін атап өтіп, Арал мысалын алға тартты.

Мемлекет басшысы аймақтық цифрлық экожүйе құру бастамасын қолдады

«Су қауіпсіздігі – Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін аса маңызды мәселе. Болашағымыз тіршілік нәрін қаншалықты ұтымды әрі әділ пайдалана алатынымызға байланысты. Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады. Сондай-ақ ол батыл әрі ғылыми негізі бар жүйелі шаралардың арқасында қандай нәтижеге жетуге болатынын көрсетеді. Бүгінгі таңда Солтүстік Аралдың 36 пайызға жуығы қайта қалпына келтірілді. Судың сапасы жақсарып, балық қоры молайды, маңайдағы елді мекендердің тұрмыс-тіршілігіне қан жүгірді. Бүгін Халықаралық Аралды құтқару қорының жоғары деңгейдегі кезекті отырысын өткіземіз. Жиын барысында әріптестерімізбен бірге Қазақстанның осы ұйымға үш жылдық төрағалығын қорытындылаймыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы

Президент талқылаулардың нәтижелі болып, бірлескен нақты бастамаларға негіз болатынына сенім білдірді. Оның айтуынша, мұндай қадамдар халықтардың игілігіне қызмет ететін тұрақты әрі баянды болашақ құруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар