Қазақстан • Бүгін, 15:10

Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік саммиттің пленарлық отырысында Президент елімізде биоалуантүрлілікті сақтау мақсатында қолға алынған шаралардың нәтижесіне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті

«Биоалуантүрлілікті сақтау – экологиялық саясатымыздың негізгі бағыттарының бірі. Табанды еңбек нәтиже берді. Жойылу қаупі төнген ақбөкендер қайта көбейді. Қазақстандағы қар барысының саны екі есе ұлғайып, 190-ға жетті. Халықаралық серіктестермен бірлесіп, басқа да сирек кездесетін жан-жануарлардың, атап айтқанда, сұңқарлардың, Тұран жолбарысының және Пржевальский жылқысының популяциясын қалпына келтіруге кірістік», деді Мемлекет басшысы.

Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, орман алқаптарын ұлғайту Қазақстанның экологиялық күн тәртібіндегі басым міндеттерінің біріне айналды.

«Соңғы бес жылда бір миллион гектардан аса аумаққа 1,5 миллиардтан астам ағаш ектік. Соның ішінде шөлейттену үдерісін бәсеңдету мақсатында өзбек мамандарымен бірге Арал теңізінің табанына сексеуіл отырғыза бастадық. Қазақстан барлық серіктестерін Сирек кездесетін жан-жануарлар түрлері мен биоалуантүрлілікті сақтау халықаралық қорына мүше болуға шақырады. Мемлекетаралық ынтымақтастық алаңында ғылыми зерттеулер жүргізіліп, экожүйелерді қорғаудың тиімді шешімдері әзірленеді», деді Президент.

Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес

Соңғы жаңалықтар