Фото: ашық дереккөз
Қосымша ақы алу үшін:
– біліктілікті арттыру курстарынан өту;
– біліктілік тестін сәтті тапсыру;
– оқу-жаттығу процесін ұлттық спорттық дайындық стандарттарына сәйкес жүргізу талап етіледі.
Біліктілікті арттыру курсы 5 жылда бір рет өткізіледі, ал өтінімді оқу басталғанға дейін кемінде 14 күн бұрын беру керек.
Оқу аяқталғаннан кейін:
– электронды форматта тестілеу жүргізіледі;
– біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі;
– біліктілік тестінен өткендігі туралы сертификат тапсырылады;
– құжаттарды жұмыс орнына тапсыру қажет.
Өтінім электрондық лицензиялау порталы арқылы онлайн режимде қабылданады, бұл рәсімді жеңілдетеді әрі қосымша ақы алудың уақытылы жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Атырауда дарынды балаларға арналған спорт мектебі салынып жатыр