Спорт • Бүгін, 12:12

Атырауда дарынды балаларға арналған спорт мектебі салынып жатыр

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде ағаш рет мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тетігі арқылы Атырау қаласында дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-интернат-колледжінің құрылысы басталды, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда дарынды балаларға арналған спорт мектебі салынып жатыр

Фото: gov.kz

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, нысанды 2027 жылдың мамыр айында пайдалануға беру жоспарланған.

МЖӘ механизміне сәйкес, жеке әріптес жобалаудан бастап құрылысқа дейінгі жұмыстарды және нысанды пайдалануға берілгеннен кейінгі 5 жыл бойы оны күтіп-ұстау қызметтерін жүзеге асырады. Жоба аясында заманауи оқу ғимараттары мен жайлы жатақхана қарастырылған. 3,2 гектар аумақта 400 орындық оқу блогы, 300 орындық жатақхана, 13 спорт залы, бассейн, асхана, кітапхана, стадион, жүгіру жолақтары, сондай-ақ баскетбол және волейбол алаңдары бой көтереді.

Астананың велоспорт мектебі «Үздік өңір» атағын жеңіп алды

пп

Қазір елімізде 16 облыстық мамандандырылған мектеп-интернат және 4 республикалық мектеп-колледж-интернат жұмыс істейді. Аталған мекемелерде 6 431 спортшы білім алады. Алайда Астана және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Абай, Ұлытау және Қостанай облыстарында мұндай мекемелер жоқ. Сондықтан Атырау облысындағы бұл жоба пилоттық режимде іске асырылып, кейіннен өзге өңірлерге де жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Атыраудағы жаңа кешенде 13 олимпиадалық спорт түрі бойынша 400 спортшыны (300 оқушы және 100 колледж студенті) даярлау көзделген.

Ақтөбе соты екі спорт мектебінің директорына үкім шығарды

пп

Мектеп-интернат-колледжінің құрылысы спорт резервін даярлауға қолайлы жағдай жасап, оқу мен жаттығуды тиімді ұштастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар елімізде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға айтарлықтай серпін береді.

Соңғы жаңалықтар