Әлем • Бүгін, 16:00

Израильдің Ливанға жасаған шабуылынан 4 адам қаза тапты

1 мин
оқу үшін

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі аумақтарға соққы беруді жалғастырып жатыр. Қатардың Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылы Набатия ауданына бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Израильдің Ливанға жасаған шабуылынан 4 адам қаза тапты

Фото: видеодан алынған кадр

Шабуыл салдарынан кемінде 4 адам қаза тапқан.

Иран билігі Израильдің әрекеттерін қатаң сынға алып, Ливанға қарсы әскери операциялар тоқтамаса, оған жауап қайтаратынын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Иран мен АҚШ Пәкістанның арағайындығымен электронды форматта бейбіт келісімге қол қойғанын жариялаған болатын. Құжатта барлық бағыттар бойынша, соның ішінде Ливан аумағындағы әскери қимылдарды тоқтату туралы тармақ қарастырылған.

Алайда келісімге қарамастан, Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) шабуылдары жалғасып жатыр.

Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, наурыз айының басынан бері Израиль шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 3 700 адамнан асқан.

Еске салайық, Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келген болатын.

Кейін Израиль мен Ливан арасындағы атысты тоқтату режимі үш аптаға дейін ұзартылды.

Ал Дональд Трамп Ливанға қарсы ықтимал әскери әрекет АҚШ пен Иран арасындағы келісімге әсер етпейтінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар