Әлем • 08 Мамыр, 2017

Франция: Макрон жеңді, Ле Пен мойындады

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алғашқы нәтижелер бойынша, Франциядағы президент сайлауында Эммануэль Макрон алда келеді. Ол 65,5%, ал «Ұлттық майдан» партиясының лидері Марин Ле Пен 34,5% дауыс жинап отыр деп хабарлайды ВВС.

Франция: Макрон жеңді, Ле Пен мойындады

Дауыстарды санау жаңа басталғанына қарамастан, саясаттанушылар Эммануэль Макрон жеңеді деп болжайды. Ал Марин болса, жеңілісін мойындап Макронды құттықтады. «Француздар патриоттар мен глобалистер арасында таңдау жасады. Олар Республиканың жаңа президентін сайлады және саяси сабақтастықты дұрыс көрді. Мен Макрон мырзаға звондап, оны жеңісімен құттықтадым. Өйткені, менің жүрегім ел мүддесі деп соғады. Мен оған Францияның алдында тұрған қиындықтарды шешуде табыс тіледім» деді ол.

Макронды сонымен қатар Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй де құттықтады.