15 Маусым, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №98

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 19 тамызға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Консти­туция­сы­ның 44-бабының 2) тар­мақ­шасына, Қа­зақ­стан Республикасының «Қа­зақстан Рес­пуб­ли­касындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 69-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 2011 жыл­ғы 19 тамызға тағайындалсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыс­тардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сай­лау­ын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 14 маусым. №98