Қайда оқуға түсуге болады? Бұл барлық қазақстандық мектеп түлектері мен олардың ата-аналарын мазалайтын мәселенің бірі. Құжаттар қабылданып, емтихандардан өтіп, студент оқуға кірісуге дайын болған кезде «Мен қалай оқимын?» деген басқа сұрақ туындайды. Мектеп қабырғасынан шыққан жастар жоғары оқу орнына бейімделу проблемасына тап болып, өзінің қабілеттіліктерін бағалай алмайды және Қазақстанның өскелең ұрпағының алдында бұрынғыдан да көкжиегін кеңінен ашатын жаңа мүмкіндіктер туралы білмейді. Оқушылардың өз болашағын құруда қаншалықты «тасы өрге домалағаны» көбіне-көп мектеп пен жоғары оқу орындарының қалай тығыз әріптестікте болғанына және олардың бір-бірінің қажеттіктерін қалай елеп-ескергендігіне байланысты болмақ.
Орта білім беру өкілдерімен әріптестік қарым-қатынастарды қолдайтын табысты жоғары оқу орнының жарқын мысалы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (ҚМЭБИ) болып табылады. ҚМЭБИ-де білім беру тұрғысы қазақстандық басқа жоғары оқу орындары жүйесінен көп жағынан айырмашылығы бар, сондықтан институт оқушыларды студенттік өмірге дайындауға белсенді түрде қатыса отырып, талапкерлер мен мектеп әкімшілігіне Қазақстанның өскелең ұрпағының алдынан ашылатын жаңа мүмкіндіктер туралы ақпарат береді.
Жақында ғана әкімдіктер мен білім басқармасының қолдауы барысында жоғары оқу орны мен орта оқу орындары әкімшілігінің арасындағы өзгеше диалог болып табылатын «ҚМЭБИ көктемгі қабылдаулар» топтамасы аяқталды. Үстіміздегі жылы осындай қабылдау Алматыда үшінші рет өтіп отыр. Астана, Шымкент, Ақтөбе және Атырау қалаларында бұл шара бірінші рет болды. Бес қаладағы 80-нен аса мектеп оқушыларды дайындау сапасын мойындау белгісі ретінде ҚМЭБИ-ден құрмет грамоталарын алды.
Сонымен қатар, ҚМЭБИ бүкіл ел бойынша университеттер мен мектептерде институттың жетекші профессорларының қатысуымен қонақкәде лекциялар, ағылшын тілі мұғалімдеріне арнап шеберлік сыныптарын ұйымдастырады, сондай-ақ жоғары сынып оқушыларына арнап ақысыз негізде сабаққа қатысу арқылы білімді сапалы түрде жақсарту мақсатымен ағылшын тілі мен математика әуесқойлары үшін клубтар ұйымдастырылды. Ал кәсіби бейімділік семинарлар аясында мектеп түлектері ҚМЭБИ ұсынған мамандықтар бойынша табысты мансапты қалай жасауға болатыны туралы толық ақпарат алуларына болады.
Сонымен, 16 маусымда Шымкент қаласында ҚМЭБИ әлдеқашан дәстүрге айналған, яғни болашақ студенттер мен олардың ата-аналарына арналған шара – «Бірінші курс студентінің күні» мерекесін өткізді, онда ҚМЭБИ өкілдері студенттермен және түлектермен бірге балаларды студенттік өмірге дайындап, сонымен қатар өздерін ҚМЭБИ-де күтіп тұрған жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар туралы әңгімелеп берді. Ал, 25 маусымда «Бірінші курс студентінің күні» Астанада өтпек.
Осындай шаралардың нәтижесінде талапкерлер 10 пайыздан 100 пайызға дейін қаржылық қолдау алу мүмкіндігі, тек ҚМЭБИ-дегі оқуға ғана төлеп, Солтүстік Американың, Еуропа мен Шығыс Азияның 70 университетінің бірінде алмасу бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндігі, сондай-ақ осы жылы іске қосылатын құқықтану саласындағы көптен күткен бакалавриат бағдарламасы (LL.B) сияқты ҚМЭБИ-дің артықшылықтары жайлы толық біле алады.
ҚМЭБИ академиялық мәселелер жөніндегі деканы, доктор Дэйна Стивенстің айтуы бойынша, «оқушыларды қарқынды оқуға мектеп партасынан бастап дайындау қажет. Бұл олардың жаңа академиялық жағдайларға жылдамырақ бейімделіп, оқуда және болашақ мансабында үлкен табыстарға жетуіне көмектеседі. ҚМЭБИ мектептердің жоғары мақсаттарға қол жеткізуіне көмектесуге әрдайым даяр, бұрынғыдан да көп гранттар бөліп, талантты оқушыларға қаржылық қолдау көрсетуге тырысады. Біз талапты және еңбек сүйгіш студенттерді қолдай отырып, білім саласында үнемі оқ бойы озық тұрамыз».
Әр түрлі студенттік шараларға қатысу (ол ҚМЭБИ-де 30 шақты), шетелде оқу тәжірибесі, төрткүл әлемнен келген көрнекті профессорлардан дәріс алу мүмкіндігі, интернационалдық студенттер контингенті, Қазақстанның бизнес саласындағы көшбасшылардың шеберлік сыныптары – бұл жоғары білікті мамандар қалыптастыратын бірегей тәжірибе. Нақ осының нәтижесінде 20 жыл дерлік ҚМЭБИ түлектері қазақстандық еңбек нарығында жоғары бағаланып келеді.
«Менің ойымша, ҚМЭБИ-дегі табыс кепілі, бұл жоғары оқу орнының тек теориялық білімге ғана емес, жеке тұлғаны, көшбасшылық қасиеттерді және студенттерде сындарлы ойлауды дамытуға көп көңіл бөлетіні болса керек еді, дейді ҚМЭБИ-дің 4-курс студенті Ерманов Дәулет, біз үнемі өзгеше бизнес ортада боламыз, жаңа жобалар жасаймыз, нәтижеге қол жеткіземіз және жеңіліске төзе білеміз, бір тұрып, бір жығыламыз, бәрін қайтадан жасаймыз, бірақ әрдайым алға қарай жылжимыз. Мақсатқа ұмтылушылық, батылдық және перспективаларды көре білу – міне, осының бәрін ҚМЭБИ береді. Жас кәсіби мамандардың нені үйрену керектігінің ең басты шарты осы деп есептеймін».
Лейла АЙДАРБЕКОВА.
* * *
ҚМЭБИ Алматы қаласында қабылдау емтихандарына құжаттар қабылдауын жалғастырады: 2011 жылдың 22 маусым, 20 шілде, 3 тамызына дейін. Кез келген мәселелер бойынша Алматыдағы 270-42-13, 270-43-20 телефонына хабарласыңыздар немесе admis@kimep.kz электрондық поштасына хат жазыңыздар.