29 Маусым, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №513

420 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2011 жылғы 13 мамыр    Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы №544 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде: 1-тармақ «17 қаңтардағы» деген сөздерден кейін «және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтағы «темір жол, теңіз, өзен көлігімен» деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақтың бірінші абзацы «көлігімен» деген сөзден кейін «қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық, облысішілік) және халықаралық қатынастарда автобустармен, микроавтобустармен» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) жолаушыларды қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық, облысішілік) және халықаралық қатынастарда автобустармен, микроавтобустармен тасымалдау.»; 9-тармақта: «барлық қажетті құжаттармен қоса» деген сөздер «осы Ереженің 7 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қоса» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмүндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы шешімді қабылдау мерзімі лицензиардың қолданыстағы заңнама мен нормативтерде белгіленген санитарлық қағидаларға сәйкес жолаушыларды тасымалдауға автобустар мен микроавтобустардың сәйкестігі туралы куәландыратын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысын алуын қамтиды.»; 14-тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары: мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын: «қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық, облысішілік) және халықаралық қатынастарда автобустармен, микроавтобустармен: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылған талаптар» техникалық регламенті мен «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы техникалық шарттар» 1040-2001 ҚР СТ талаптарына сәйкес келетін жеке меншік құқығына жататын, жалға беру шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде автобустар мен микроавтобустардың; 2) автобустар мен микроавтобустарда тахографтардың жэне оларды Салыстырып тексеру туралы тиісті сертификаттың; 3) автобустар мен микроавтобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамға мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу туралы қолданыстағы куәліктердің; 4) жеке тұлға үшін — тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды түлға үшін - тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі бар жүргізушілер құрамының; 5) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының не ұйыммен (-дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарттың; 6) автобустар мен микроавтобустарға рейс алдындағы техникалық байқау және жүргізушілерге рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық байқау жүргізу үшін қызметтер мен білікті персоналдың не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың; 7) тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны белгілей отырып, бұйрық көшірмелерінің болуын қамтиды.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі    К.МӘСІМОВ.