29 Маусым, 2011

Жол түзелсе – қозғалыс кідіріссіз

353 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Бүгіндері Астанада жол жөндеу жұмыстары жүріп жат­қандығы белгілі. Бұл ретте елорданың оң жаға­лау­ындағы автожол инфра­құ­рылымын жақсартуда жол құрылыс жұмыстары маусымның басында Астана қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 23,7 шақырым жол салуды, 10 шақырым жолды жөндеуді 18,5 ша­қы­рым жолды қайта жаңар­ту­ды, сондай-ақ қалаға қо­сы­лып кеткен тұрғын алапта­рындағы 55,7 шақырым жол салуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта 9 ірі ны­сандарға құрылыс жүргі­зілу­де десек, соның бірі Же­ңіс даңғылы мен Иманов көшелерін қайта жаңарту. Жеңіс даңғылын қайта жа­ңарту жобасын іске асыру әлеуметтік және экономика­лық мәселелерді кешенді ше­шу мәселесіне арналып, жалпы халықтың тұрмы­сын жақсартуға арналған. Аталған жоба төрт кезеңде іске асырылмақ. Қазір бұл жобаның бірінші және екінші кезеңдері қолға алынған. Вокзалдан Есенберлин кө­ше­сіне дейін жүретін жол қам­тамасыз етілсе, қамтыл­ған аймақтарды жайлас­ты­ру бойынша да жұмыстар өз ретімен өрбуде. 17 маусымнан бағдарла­ма­ның үшінші және және төртінші кезеңіне кірісу жұ­мысы жоспарланған. Осы­ған байланысты аталған күннен Ә.Молдағұлова кө­ше­сінен Бөгенбай батыр даң­ғылына дейін және осы даңғылдан Кенесары көшесінен бастап Жеңіс даңғылына дейін жол қатынасы жабылмақ. Бұрынғы салынған құ­ры­лыс жүйелері бойынша коммуникация желілері Же­ңіс даңғылының барлық ұзын­дығы бойынша өзара байланысты жүйемен қа­лып­тасқан. Жылу беру мау­сымына дейін құрылыс жұ­мыстарын үлгеру үшін және тұрғындарды болашақта сумен үздіксіз қамтамасыз етіп тұру үшін аталған көшенің инфрақұрылымын толық жабу жөнінде шешім қа­былданған. Иманов көшесін қайта жаңарту жұмыстары үш ке­зеңмен жүзеге асырылады. Оған Янушкевич көшесінен Брусиловский көшесіне дейін, Брусиловский көшесі­нен Уәлиханов көшесіне дейін және Уәлиханов көше­сінен Республика даңғы­лына дейінгі учаскелерді ке­зең-кезеңмен қайта құру жоспарланған. Қазіргі таңда бұл кешенді шаралардың бірінші кезеңі аяқталу үстінде. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.