09 Шілде, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №466

311 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
2011 жылғы 29 сәуір                 Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы №136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қау­лы етеді: 1. «Шетелдіктердің Қазақстан Республика­сында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы №136 қау­лысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат) мынадай өзгерістер мен толық­тырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Шетел­діктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібінде: 1-тармақтағы «және «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақ­стан Республикасы Президентінің «Шетелдік­тер­дің Қазақстан Республикасында болуының құқықтық ережесі туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы №2337 заң күші бар Жарлығына» деген сөздер «, «Босқындар туралы», «Шет­елдік­тердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «жеке істер бойынша Қа­зақстан Республикасына шақырған қабылдаушы ұйымдар мен адамдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасына шақырған қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар» деген сөздермен ауысты­рылсын; 5-тармақта: «Қазақстан Республикасына келуге (келулерге) және», «(келу-кету)» деген сөздер алып тасталсын; «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемелері мен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері (бұдан әрі - шетелдегі мекемелер) мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің» деген сөздермен ауысты­рылсын; 6-тармақта: бірінші абзацтағы «(кету)», «(кету-келу)» деген сөздер алып тасталсын; екінші абзацтағы «кету және кету-келу ви­за­­ларын» деген сөздер «визалар» деген сөзбен ауыстырылсын; 8-тармақта: бірінші абзацтағы «және олардың қол­данылу мерзімін ұзарту» деген сөздер алып тас­талсын; 2) тармақшадағы «турист ретінде және мемлекеттік емес ұйымдардың шақыруы бойын­ша» деген сөздер «жеке тұлғалардың ша­қыруы бойынша» деген сөздермен ауысты­рылсын; 3) тармақшадағы «Қазақстан Республика­сы­ның Ішкі істер министрлігімен және Қа­зақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақта: бірінші абзацта: «Келу визаларын» деген сөздер «Визалар» деген сөзбен ауыстырылсын; «туыстары мен таныстарының» деген сөз­дер «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыс­тырылсын; «оқуға» деген сөзден кейін «, емделуге» деген сөзбен толықтырылсын; үшінші абзацтағы «Қазақстан Республи­касы Сыртқы істер министрлігінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақта: «санаттары мен түрлерін» деген сөздер «санаттарын, дүркінділігін» деген сөздермен ауыстырылсын; «, сондай-ақ» деген сөз «тәртібін, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын; «ұзартудың тәртібін» деген сөздер «ұзарту үшін негіздемені» деген сөздермен ауыстырыл­сын; 15-тармақта: мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Тіркеу шетелдіктердің жеке өтініш беруі не шетелдіктерді қабылдайтын жеке және заңды тұлгалардың өтініштері негізінде жүзеге асы­рылады.»; екінші абзацта: «Кеден одағы елдерінің» деген сөздер «Кеден одағына мүше мемлекеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын; «ұзартылуы мүмкін» деген сөздер «ұзар­тылады» деген сөзбен ауыстырылсын; үшінші абзацта «рұқсаты бар шетелдіктерді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін» деген сөздермен толық­тырылсын; төртінші абзацта «оқитын шетелдіктерді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ олардың от­басы мүшелерін» деген сөздермен толықты­рылсын; мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын: «Заңда белгіленген тәртіппен өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыс­тық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын әрекет жасалғаны туралы хабарлаған шетелдіктерді тіркеу Қа­зақстан Республикасының қылмыстық іс жүр­гізу заңнамасына сәйкес арызды қарау үшін қажетті мерзімге ресімделеді. Егер арыз бойын­ша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданса, тіркеу қылмыстық істі тергеу үшін қажетті мерзімге ұзартылады.»; мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен то­лықтырылсын: «15-1. Оларға қатысты ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалған шетелдіктерді тіркеуді, Қазақстан Республикасының визаларын беруді ресімдеу тәртібін, сондай-ақ олардың жеке ба­сын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда жеке басын анықтау рәсімін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп айқын­дайды.»; 17-тармақта: бірінші абзацтағы «бесінші» деген сөз «алтыншы» деген сөзбен ауыстырылсын; екінші абзацта: «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері,» деген сөздер алып тасталсын; «тіркеу құқығы берілген қонақ үйлер» деген сөздер «тіркеу құқығы берілген заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзацта: «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелерінде,» деген сөздер алып тасталсын; «қонақ үйлерде» деген сөздер «заңды тұлғаларда» деген сөздермен ауыстырылсын; 19-тармақта «уақытша келген» деген сөз­дерден кейін «, көшіп келушілер болып табы­латын» деген сөздермен толықтырылсын; 21-тармақтағы «шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты» деген сөздер «Қазақстан Республикасында шетелдік­тің тұру ықтиярхаты» деген сөздермен ауыс­тырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен дипло­матия­лық арналар арқылы шет мемлекеттердің құзыретті органдарына қабылданған шаралар туралы хабарласын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі      К.МӘСІМОВ.