Қоғам • Бүгін, 12:50

Қызылша тіркелген мектептерге вакцина алмаған балалар жіберілмейді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде қызылша дерегі анықталған жағдайда екпе алмаған балалар балабақша мен мектепке уақытша қабылданбайды. Бұл шара инфекцияның таралуын тежеуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.

Қызылша тіркелген мектептерге вакцина алмаған балалар жіберілмейді

Фото: Depositphotos.com

Тиісті қаулыға еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова қол қойды. Құжат 19 ақпаннан бастап күшіне енді.

Қаулыға сәйкес, білім беру басқармаларының басшылары балаларды вакцинамен қамту деңгейін кемінде 90%-дан төмен түсірмеуді бақылауға, сондай-ақ білім беру ұйымдарында күн сайын «таңғы тексеріс» жүргізуге міндетті. Яғни таңертең оқушылар мен педагогтер тексеріліп, ауру белгілері бар адамдардың ғимаратқа кіруіне жол берілмейді. Сонымен бірге ата-аналарға иммундаудың маңызы туралы түсіндіру жұмыстары күшейтіледі.

Атырауда жүздеген адамның қызылша жұқтырғаны хабарланды

Бұдан бөлек, қызылша тіркелген жағдайда екпе алмаған балаларды балабақша мен мектептен уақытша шеттету тапсырылды.

Алматыда қызылша ауруына шалдығу көрсеткіші өсті

Бұған дейін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елде екпеден жаппай бас тарту салдарынан ұжымдық иммунитеттің әлсірегенін хабарлаған еді. Ресми дерекке сәйкес, қызылша жұқтырған балалардың 59%-ы ата-анасының қарсылығына байланысты вакцина алмаған.

Енді қызылшаға қарсы вакцина міндетті: Астана ауруханаларына бала қабылдау ережесі өзгерді

Соңғы жаңалықтар