09 Шілде, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №503

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 12 мамыр                            Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы №1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: «2709 00 900 3, 2709 00 900 7 Шикі мұнай 40» деген жол жаңа редакцияда жазылсын: «2709 00 900 Шикі мұнай 40»; «Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)» деген бағандағы «98,13», «65,42», «65,42», «65,42» деген сандар тиісінше «114,05», «76,03», «76,03», «76,03» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі          К.МӘСІМОВ.