09 Шілде, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №462

359 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2011 жылғы 29 сәуір, Астана, Үкімет Үйі Ұлттық теңіз тасымалдаушысы туралы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтар­дағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» акционерлік қоғамы ұлттық теңіз тасымалдаушысы болып анықталсын. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ұлттық теңіз тасымалдаушысы туралы қағида бекітілсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі      К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2011 жылғы 29 сәуірдегі №462 қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық теңіз тасымалдаушысы туралы қағида 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ұлттық теңіз тасымалдаушысы туралы қағида (бұдан әрі - Қағида) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді. 2. Ұлттық теңіз тасымалдаушысы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Рес­публикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Қағиданы басшылыққа алады. 2. Ұлттық теңіз тасымалдаушысының міндеттері мен функциялары 3. Ұлттық теңіз тасымалдаушысының негізгі міндеті сауда флотын дамыту болып табылады. 4. Ұлттық теңіз тасымалдаушысы мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) жолаушыларды, багажды, пошта жөнелтімдерін және жүктерді, оның ішінде ізгілік жүгін, арнайы жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетеді; 2) теңіз флоты үшін кадрларды оқытуға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 3) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында халықаралық шарттарды іске асыруға қатысады. 3. Қызметін ұйымдастыру 5. Ұлттың теңіз тасымалдаушысы өз қызметін осы Қағидаға сәйкес ұйымдастырады. 6. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Ұлттық теңіз тасымалдаушысына мемлекеттік қолдау көрсетіледі. 7. Ұлттық теңіз тасымалдаушысын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.