15 Шілде, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №670

332 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
2011 жылғы 20 маусым                   Астана, Үкімет Үйі Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ.   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №670 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормалары 1. Базалық қаржыландыру ғылыми инфра­құрылымды және мүлікті, оның ішінде ғимарат­тарды, жабдық пен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, әкімшілік және қызмет көр­сетуші персоналға еңбекақы төлеуге, сондай-ақ мемлекеттік ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдар­дың, мемлекеттік жоғары оқу орындарының, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капи­талға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайы­зы мемлекетке тиесілі жоғары оқу орында­рының, сондай-ақ дауыс беретін акция­ларының (жарғылық капиталға қатысу үлес­терінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға тиесілі жоғары оқу орында­рының ғылыми-техникалық қызметін ақпарат­тық сүйемелдеуге арналған базалық қаржы­ландыру нормалары бойынша шығыстарды қамтиды. 2. Заңнамада белгіленген тәртіппен айқын­далатын ғылыми инфрақұрылымды және мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдық пен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналға еңбекақы төлеуге, сондай-ақ ғылыми-техника­лық қызметті ақпараттық сүйемелдеуге арналған шығыстар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормалары болып табылады. 3. Ғылыми инфрақұрылымды және мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдық пен мате­риалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығыстар: 1) коммуналдық қызметтерге (су, газ, электр энергиясы, жылу, кәріз, желдету) ақы төлеуді; 2) байланыс қызметтеріне (телефонға абоненттік төлемақы, пошта-телеграф шығындары, факс, электрондық пошта, радио) ақы төлеуді; 3) көлікті жалға алуды; 4) міндетті сақтандыру жарнасын; 5) негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алуға, өзге тауарларды сатып алуға арналған шығындарды, басқа да ағымдағы шығындарды, күзетке (әскерилендірілген қыз­мет­терге) арналған шығындарды, күзет сиг­нализациясына арналған шығындарды; 6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техни­калық қызметте пайдаланылатын негізгі құрал­дардың тозуын (амортизация), ғимаратты, жабдықты ағымдағы жөндеуді қамтиды. Бұл шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің: 1) «Бюджет қаражатынан қаржылан­дырыла­тын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118; 2) «Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арнал­ған нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335; 3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қыз­меттік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663; 4) «Республикалық бюджеттен қаржыланды­рылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көр­сетуге арналған арнайы көлік құралдарын пай­далануды реттеу туралы» 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288; 5) «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулыларына сәйкес айқындалады. 4. Әкімшілік және қызмет көрсетуші пер­соналға еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар мемлекеттік ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйым­дардың, мемлекеттік жоғары оқу орындарының, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары оқу орындарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияла­рының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде дауыс беретін акциялары­ның (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға тиесілі жоғары оқу орындарының әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналының еңбек­ақысын, оның ішінде өтемақы төлемдерін төлеуді (сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу­ді) қамтиды. Бұл шығыстар «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұстала­тын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 қаулысына сәйкес айқындалады. 5. Ғылыми-техникалық қызметті ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі шығыстар нақты шығын­дар бойынша қалыптастырылады. 6. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес есептеледі.