20 Шілде, 2011

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне – 8 жыл

446 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Қазақстан Респуб­ликасы­ның Конституциясында атал­ған ең өзекті мәселелердің бірі – ел азаматтарына әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету, оның ішінде тұрғын үймен қамта­масыз ету. Тұрғын үймен қамсыздан­ды­руға жағдайды құру қа­жет­тілігі аясында Конститу­ция­лық ережені жүзеге асыру үшін 2000 жылдың 7 желтоқсанында «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылыс жинақтау туралы» Қазақстан Республи­ка­сының Заңы қабылданған бо­латын. Бұл Заңда Қазақстанда сапалы жаңа жүйе арқылы тұрғын үйді алу үшін принциптер мен механизмдер енгізілген. Айта кетерлік бір жайт, ТМД елдері бойынша Қазақ­стан табысы көп емес адам­дарға арналған тұрғын үй құ­рылыс жүйесін енгізген бірінші мемлекет болып табылады. 2003 жылдың 10 шілдесінде «Қазақстанның тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы құрылды. Осы күн­нен бастап, қазақстандық­тар­дың тұрғын үй мәселесін жақ­сартуға бағытталған Банктің ресми жұмысы басталды. Көп­теген сарапшылардың пікірінше, еліміздегі екінші дәрежелі банктердің арасында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметі ерекше, әрі оның қыз­меті мен ұсыныстары тұрғын­дар үшін ыңғайлы. 2003 жылы Банк іргетасы қа­ланғаннан бастап, 2011 жыл­дың 1 шілдесіне дейін 95,82 мил­лиард теңгеге тұрғын үй заемдары беріліп, 245 286 тұр­ғын үй құрылыс жинақ шарты жасалынды. Банк клиентте­рі­нің көпшілігінің айтуынша, Қа­зақстанның тұрғын үй құры­лыс жинақ банкі мыңдаған қазақ­стандықтардың тұрғын үй мәсе­лесін шешуші Банк ретінде мой­ындалып отыр. Пайыз­дық мөлшерлемесі төмен, тиімді шарт талаптары және жо­ғары са­палы қызмет көрсету – бола­шақ клиенттерді өзіне ша­қы­ру­ға Банктің негізгі құрал­дары бо­лып табылады. Барша қазақ­стан­дықтардың сұраны­сын жә­не қалауларын қанағат­тандыру үшін Банк «Бастау», «Бола­шақ», «Өркен» және «Кемел» тарифтік бағдарламал­а­рын қа­рас­тырған. Банктің бо­ла­шақ кли­енттерінің басқа банк­терде алынған несиелерін қайта қар­жыландыру мүмкін­дігі де бар. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін Қазақстанның азамат­та­рына кең тарату мақсатында 2006 жылдың мамыр айында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ пен «Қазпошта» АҚ арасында келісім жасалған болатын. Содан бері осы келісім арқылы «Қаз­пошта» АҚ «Қазақстанның тұр­ғын үй құрылыс жинақ бан­кінің» атынан поштаның об­лыстық және аудандық торап­тарында клиенттермен келісім-шарт жасасуға уәкілдік қыз­меттер көрсетіп келе жатыр. Қазақстанның тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкі Қазақ­стан Республикасының 2011-2014 жылдар аралығындағы тұр­ғын үй құрылысы бағдарла­масының басты операторы бол­ғандықтан, осы бағдарлама ая­сында Банк арқылы 60 000 адамға 14 000 жаңа пәтерді қол­данысқа енгізу көзделіп отыр. Бұл бағдарлама әлеумет­тік тұрғыдан сипатталады, сон­дықтан ол барша халықтың мүмкіндігіне, оның ішінде мем­лекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлеріне қолай­лы болып табылады. Осы механизмді іске қосу үшін 2011-2013 жылдар аралығында 80,8 миллиард теңге, оның ішінде 28,8 миллиард теңге осы жылы жұмсалу қарастырылған. Қазақстанның тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкінің құ­рыл­ған күнінде алдымен өз болашақтарын, өз отбасы­ла­рын осы банкпен байланыс­тыр­ған клиенттерді құттықта­ғымыз келеді. Әдетте туған күнде сан алуан сыйлықтар берілетіні белгілі, бірақ біз үшін ең басты сыйлық – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы қаншама адам өз тұрмысын жақ­сартып, өз баспанасында бол­мыс бақытын сезінген қа­зақстандықтарды көру. Міне, осы болар, халыққа қыз­мет көрсетіп, тер төккен Банк еңбегінің ең басты нәтижесі... Қосымша ақпаратты «Қазақстанның тұрғын үй құры­лыс жинақ банкі» АҚ-тың мына телефондары арқылы алуға болады: Алматы қ., 279-35-11, Астана қ., 40-72-76, Тал­ды­қор­ған қ., 24-40-48, Қарағанды қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өскемен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ., 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақтау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 42-79-94, Көкшетау қ., 25-63-04, Шымкент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта www.hcsbk.kz Ибраһим КАППАСОВ.