22 Шілде, 2011

Инновациялық экономика және ғылым

3633 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Соңғы жылдары әлемдік экономи­ка­да білім мен инновацияны маңызды экономикалық ресурстар ретінде пайдалану базасында экономикалық өсудің жаңа типі қалыптасты. Қазір материал­дық игіліктерді жасау көп жағдайда ғы­лымның жалпы деңгейі мен техни­ка­ның прогресіне немесе осы ғылы­мның өндірісте қолданылуына тәуелді. Дамыған елдердің экономикасын қа­­зіргі уақытта индустрияланудан кейінгі ақпараттық немесе білім эконо­ми­касы, болмаса қызмет көрсету техно­ло­гиялық экономикасы деп анықтайды. Басқа да анықтамалар бар, бірақ, бас­ты­сы, қазіргі экономиканың мықты ин­но­ва­циялық құ­рам­дас бөлігі бар. Со­н­дықтан, егер біз әлем­дік экономикаға тең түрде ық­пал­дас­қымыз келсе, егер жаһанданудың та­лап­тарына өзімізге пайдалы жағынан бейімделгіміз келсе, онда өзіміздің да­муы­мыз­да бұдан әрі қарай да тек табиғи ре­сурс­тарға иек арт­пауымыз керек. Қа­зақ­стан­ның эко­но­микалық өсудің және бәсекеге қа­бі­леттілікті күшейтудің стра­те­гиялық фак­торы ретіндегі айтар­лық­тай ғы­лы­ми және білім беру әлеуеті бар. Оны ада­ми интеллектінің, ғылыми-тех­ни­­ка­лық нәти­желердің жетістіктерін өмір­ге келтірудің арнасы болып табыла­тын инновациялар арқылы нарықтық эконо­микада қозға­лыс­қа келтіруге бола­ды. Қазіргі экономикада инновациясыз бір­де-бір түбегейлі міндетті шешу мүмкін емес. Әр ел өз экономикасының, даму деңгейінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, жаһандық инновациялық эко­но­микада өз тетігін табады. Қазақ­стан­ның артықшылықтары – дамыған іргелі ғылым, білім берудің, әсіресе, матема­ти­калық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімнің жоғары деңгейі. Мамандардың кең ой-өрісі, ғылыми және технологиялық мәселелерді шешудегі тәсілдердің тривиалсыздығы іргелі тиімділікке негізделген қағидатты түрдегі жаңа, озық технологияларды жа­сау үшін қолданылуы мүмкін. Осы артықшылықтар біздің еліміздің инно­вациялық экономикаға көшуінің алғы­шарттары болып табылады. Инновациялық экономиканың қа­лып­тасуы Қазақстанның ХХІ ғасыр­дағы дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Экономикалық даму­дағы жеткен жетістіктер, саяси және әлеуметтік тұрақтылық Қазақстанның әрі қарай дамуын тұрақты, заманауи және перспективалы негізге қоюға мүмкіндік береді. Қазақстан тарихи көлемдегі алға секіру алдында тұр, оның алдында тауар­лардың, қызметтердің, еңбек ресурс­тары­ның, капиталдың, заманауи идеялар мен технологиялардың әлемдік рыногының бөлінбес және динамикалы бөлшегі болу міндеті тұр. Осы жолдағы негізгі міндеттердің бірі «білім эконо­микасы» негіздерін қалыптастыру, жа­ңа технологияларды қолдану, инно­ва­ция­лық экономиканы дамыту болып та­былады. Ол үшін меншікті, адами ка­питалды дамыту, елдің интеллек­туал­дық әлеуетін нығайту талап етіледі. Бұл ғылым мен білім беру ісінің ал­дына үлкен міндеттерді қояды, олар­ды дамытуда радикалды өзгерістерді талап етеді. «Инновациялы Қазақстан-2020» фо­румында сөйлеген сөзінде Президент Н.Назарбаев бізге инновациялық даму­дың ұзақ мерзімді және бүтін стр­а­те­гиясы қажет екендігін атап өткен бола­тын. Мәселенің осылай қойылуы әлем­дік тәжірибеге сәйкес келеді, оның көр­сетуі бойынша нарық инновациялық белсенділікті ынталандыруда маңызды рөл ойнағанымен, ол инновацияның ыр­ғақты дамуын қамтамасыз ете ал­майды. Мемлекеттің реттеуші рөлі барған сайын маңыздырақ болып келе жатыр, ол, бір жағынан, инновациялық қызметтің ұзақ мерзімді даму страте­гиясын әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасымен бірге қалып­тас­ты­ра отырып, екінші жағынан, иннова­ция­лық қызметті қолдау және ынта­лан­дыру бойынша нақты шараларды жү­зеге асырады. Осындай тәсілді қолдану арқылы Қазақстанда қарқынды индус­трия­лық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы ойдағыдай жү­зеге асырылуда. Инновациялық дамудың бастапқы тізгіні ғылым болғандықтан, осы сала­ны инновациялық даму үдерістеріне қосу шаралары маңызды бағыт болуы керек. Бұл жерде Қазақстан ғылымы алдымыздағы басымдықты салаларды дамыту бойынша нақты ғылыми-тех­нологиялық міндеттерді шешуге бағыт­талған, қалыптасып келе жатқан ұлт­тық ғылыми-инновациялық жүйеге сәй­кес келуі керек. Қазақстандағы ғылымның дамуы­ның қиын мәселелерінің бірі оның қаржыландырылуы болып табылады. Ұзақ уақыт бойы бұл сала қаржы­лан­дырудың жетіспеушілігін сезініп келді. Соңғы жылдары жағдай жақсарып келеді, дегенмен, ІЖӨ-ге шаққанда ғы­лым­ға кететін шығындар үлесі бо­йын­ша еліміз әлі төмен деңгейде. Ғылымды қаржыландыру мәселе­лері шығындардың абсолютті көлемі­нің өсуімен шешілмейді. Қаржылан­дыру механизмдерінің өздерін өзгерту қажет. Қаржыландырудың ұлғаюымен бірге, іске жарамды ұйымдардың шектеулі тобын қолдау үшін ресурстарды жинақтау мақсатында тура бюджетті алушылар санын шектеу қажет. Сон­дықтан, «Ғылым туралы» жаңа заңға сәйкес ғылымды қаржыландыруды ұл­ғайтумен бірге ғылымды қаржылан­дыру тәсілдері өзгертілді. Ғылыми зерт­теулерді қаржыландырудың үш тәсілі енгізілді: гранттық – елдің ұлт­тық ба­сым­дықтарына сәйкес келетін ғылыми жобаларды қаржыландыру; бағ­дарла­малық-мақсаттық – страте­гия­лық бағы­т­тар бойынша қаржыландыру; базалық – мемлекеттік тапсырмалар ар­қылы ғы­лыми ұйымдар үшін қаржы­ландыру. Ғылымның реформалануының ма­ңыз­ды бағыты ғылыми қоғамдас­тық­тың ғылыми саясаттың қалыптасу үде­рісіне қосылуы болып табылады. Атап айтсақ, Білім және ғылым министрлігі жанында шетелдік сарапшылардың қа­тысуымен Мемлекеттік ғылыми-техни­калық сараптама (МҒТС) және салалық министрліктердің, бизнес-қоғамдас­тық­­тарының, ғылыми қоғамдастықтың жә­не үкіметтік емес ұйымдардың қаты­суымен ғылыми кеңестер құры­лған. Ғылыми өтінімдерді енді ғалымдар, оқу орындары мен ҒЗИ бере алады, бұл қойылған міндеттерді шешудегі ғы­лы­ми еркіндікті білдіреді. Шетелдік са­рап­шыларды тарту арқылы МҒТС жа­ңа­шылдық, перспективалық және ғы­лыми негізделуге техникалық сараптама жүргізгеннен кейін ғылыми кеңес­тер зерттеулердің басым бағыттары бойынша грант беру туралы шешім қабылдайды. Университеттік ғылым алдына да үл­кен міндеттер қойылды. Жоғары оқу орын­дарын ғылыми зерттеулерге белсенді тарту үшін жоо, ҒЗИ мен ғылыми орталықтар арасында бірыңғай ғылыми желі құрылады, сонымен бірге, грант­тар­ды алу үшін конкурс шарттарының тең­ді­гі қамтамасыз етілген. Ұлттық ғы­лы­ми-инновациялық жүйенің орта­лы­ғы Астана қаласында ашылған Жаң­а университет (Nazarbayev University) бола­ды. Оның базасында Қазақстан­ның ірі уни­вер­ситет­терінің қосылуы­мен зерттеу ор­та­лық­тарының, ұлттық зертханалар­дың желісі, инжинирингтік, жобалық-құ­растыру­шы­лық бюросы жа­са­латын болады. Басты міндеттердің бірі қолданбалы зерттеулердің, талдамалар мен иннова­циялардың нәтижелерін экономиканың нақты секторлары қажеттілігіне бағ­дар­лау болып табылады. Маңызды эле­мент өнеркәсіп тапсырыстары бо­йын­ша ғылыми-технологиялық бағдар­ла­ма­лар аясында зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыру және бірге қаржы­ландыру, сонымен қатар, қолданбалы ғылыми зерттеулер, тәжірибелік-құ­рас­тырушылық талдамалар мен инжинирингтік жұмыстарды жүргізуге шағын және орта бизнес субъектілерін тарту болады. Ғылыми инфрақұрылымды дамыту технологиялық және инновациялық құ­рамдас бөліктер мүмкіндіктерінің ке­ңей­тілуімен байланыстырылады. Атал­ған мақсатқа жету үшін ғылыми-зерт­теу және инжинирингтік ұйымдардың да­муына мемлекеттік қолдау көрсету белгіленген. Жетекші университеттер жа­нын­да бизнеспен бірлесе отырып, жаңа ғылыми-зерттеу құрылымдары, мыса­лы, институттар, зертханалар мен R&D орталықтары ашылатын болады. Бұл қолданбалы зерттеулер мен өнер­кәсіп тапсырыстары бойынша талда­ма­ларға профессорлық-оқытушылық құ­рамды, докторанттар мен студенттерді тартуға және іс жүзінде ғылымның, бі­лім­нің және өндірістің ықпалдасу қа­ғи­датын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ірі университеттер, ғылыми орталы­қ­тар, кәсіпорындар, отандық және шетелдік инвесторлар және басқа да инно­ва­циялық өндіріс пен технология трансфертімен айналысатын құрылымдар арасындағы байланыстардың дамуы үл­кен мәнге ие. Мұнда инновациялық кластерлер жасауға негізгі зейін қо­йылатын болады. Нәтижесінде білім беру мекемелерінде инновациялық қызметті айтар­лық­тай белсендіруге қол жеткізілетін бо­лады, ғылымның, білім беру мен өн­дірістің ықпалдасуы сапалы жаңа деңгейге көтеріледі. Нәйла НҰРЛАНОВА, БҒМ ҒК Экономика институты директорының орынбасары, э.ғ.д., профессор.