Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында 29-30 шілде аралығында Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық тойына арналған салтанатты шаралар өтеді.
Бүгінде барша жырсүйер қауым Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойын кеңінен атап өтуде. Біз бұл сөзімізге дәлел ретінде еліміздің барша өңірлерінде дерлік ақын шығармашылығына арналған әдеби- көпшілік шаралар мен ғылыми-танымдық конференциялардың өткендігін айтсақ та жеткілікті. Енді міне, сол той ақынның туған ауылында жалғаспақ. Той бағдарламасында жұртшылық үшін мынандай іс-шаралар қарастырылған.
• Той қонақтарының Райымбек батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қоюы;
• М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерден өткен республикалық «Жырлайды жүрек» байқауының, ақынның өлеңдерін оқудан өнер көрсеткен жеңімпаз жеткіншектердің концерті;
• М.Мақатаев ескерткіші мен мемориалды музейінің салтанатты ашылуы;
• Қарасаз ауылдық Мәдениет үйінде М.Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуына арналған ғылыми конференция;
• «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін!» атты жазба ақындардың жыр мүшәйрасы;
• «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерден мерекелік концерт;
• Шалкөде жайлауында мерейтойдың салтанатты ашылуы;
• Театрландырылған қойылым және мерекелік гала-концерт;
• Мұқағали ақынның құрметіне берілетін ас;
• Ат спорты түрлерінен жарыс;
• Жиын қорытындысы, қонақтардың аттануы.