30 Шілде, 2011

Бар үміт – бес боксшыда

374 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Сәрсенбі күні бокстан жас­өспірімдер арасында өтіп жат­қан әлем чемпионатының ширек фи­на­лына шыққан тоғыз боксшы­мыздың бесеуі жар­тылай финал­ға жолдама алды. Ал төртеуі қарсылас­та­ры­на есе жіберіп, діттеген мақсатына жете алмады. Бұл бәсекеде бізден басқа Ресей құрамасының сегіз боксшысы келесі ай­налымға шықты. Украиндардан ал­ты, Өзбекстаннан бес бокс­шы ширек финалдан сүрінбей өтті. Осы жа­рыста Оңтүстік Кореяның бозбала­лары жақ­сы өнер көрсетіп жатқанын айту керек. Іріктеу жекпе-жектерінен алты бокс­шы­ның төртеуі сүрінбей өтіп, жар­тылай финалға жолдама алды. Түр­кия­ның 13 боксшысының үшеуі жарысты жалғастырады. Ал Австралия, Англия, Үндістан, Армения мен Гер­манияның екі мықты былғары қол­ғап иелері ғана келесі айналымға шықты. Румыния, Ирак, Молдова, Тә­жік­стан, Филиппин, Беларусь, Венг­рия, Қырғызстан, Италия, Әзе­р­бай­жан мен француз Поли­незиясының бір-бір боксшысы жа­рыста қалды. Жал­пы, әлем чем­пио­натына қатысып жат­қан 48 елдің ішінде 22 елдің өкіл­дері жартылай фи­налға шығуға мүмкіндік алды. Енді кешегі ширек финал тура­лы әңгімелесек. Жеңілген боксшыларға біз кінә таға алмайтынымызды бірден айтайық. Ең жеңіл салмақта бокстас­қан Заңғар Темірхан (48 кг.) Мол­до­ва­ның чемпионы Михаил Свасюктен жеңілді. Кеше ғана доминикандықты төрт бұрышқа тыққан Заңғар неге екені белгісіз, қарсыласынан төрт ұпай айырмашылығымен таза ұтылды. Ал Дәулет Байғабатовты (70 кг.) итальян Сальваторе Каваллародан таза жеңілді деп айта алмаймыз. Бұл кездесуде есеп 5:5 болып тұрғанда төрешілер Аппенин түбегі өкілінің қолын көтер­ді. Мұны Дәулет қана емес, жан­күйер­лердің бәрі күткен жоқ. Біздің бокс­шы­мыз  осылай төрешілердің «бір ауыз келісімімен» жеңіліп қалды. Келесі болып шаршы алаңға шыққан  Тілек Қозбақов (80 кг.) болса, ауыр салмақтағы Австралияның үздік боксшысы Джай Оппетайеден ұтыл­ғанын мойындау керек. Сол сияқты Ақыл­бек Әділғалиев (66 кг.) ресейлік Александр Агафоновке есе жіберді. Енді біздің жеңістер туралы. Мұн­да бірінші болып Дәулет Қайыр­гелді (63 кг.) жартылай финалға шық­ты. Ол түрік Озат Хасанды жеңіп, енді ресейлік Тамерлан Магомедовпен кездесетін болады. Ал кешке қарай Бекжан Кібітқалиев (54 кг.) румын Арсен Мус­тафаны, Аян Қалыбеков (60 кг.) грузин Джемал Шаламберид­зені ұт­ты. Енді Бекжан Еуропаның оқушы­лар арасындағы екі дүркін чемпионы Артем Мелконянмен (Ресей), Аян Өз­бекстанның жасөспірім­дер арасын­дағы екі дүркін чемпионы Исраил Мадримовпен кездеседі. Осы күні Ас­қар Дүйсәлі (75 кг.) Еуро­паның жасөс­пірімдер арасындағы чемпионы венгр Адам Амориді таза жеңді. Қазақ боксшысының жарты­лай финалдағы қарсыласы украин Владислав Михайлов болады. Ең ауыр салмақтағы Дидар Төлеген жек­пе-жек бітпей-ақ  Еуропа чемпио­натының қола жүлдегері венгр Ласло Коморды ұтты. Осы күні Беларусь пен Алжир боксшыларының арасындағы айқас та тартысты болды. Эдуард Ваха қарсы­ла­сынан жеңіліп жатып, соңғы минөт­терде нокдаун жасап, алжирлікті же­ңіп кетті. Сол сияқты Үнді­станның жал­ғыз жартылай финалға шыққан боксшысы Навин Кумар әзербай­жан­дық Малип Мурадовты таза жеңді. Үндістанның чемпионы, биыл Гейдар Әлиев кубогын жеңіп алған Навин Кумар осылай әлем чемпионы атағы үшін күресетінін дәлелдеді. Бұдан кейін Әзербай­жанның Махаммадали Тахиров деген боксшысының да жолы болма­ды. Ол армян Сережа Акопяннан есе жіберді. Бұл кездесуде есеп тең болып жатқан еді. Бірақ төрешілер жеңісті соңғысына бергенде, қарсы­лас жақ­тың жанкүйерлері бір-біріне ша­буыл жасауға тайынбайтындарын көрсетті. Дастан КЕНЖАЛИ.