05 Тамыз, 2011

Біз IPO туралы не білеміз?

946 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
Биыл Қазақстан өз тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеді. Осы уақыттар ішінде елімізде азаматтардың әлеумет­тік және экономикалық әл-ауқатын жақ­сарту басты басымдық болып келеді. Мемлекет басшысы таяуда Үкімет пен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қо­ры­на оның құрамына кіретін бірқатар компанияларда Халықтық ІРО жүргізу міндетін қойды. Халықтық ІРО қазақ­стан­дықтарды ел экономикасын да­мыту­ға қатысуға тарту, оларға отан­дық жетекші компаниялар­дың акция­ларын сатып алу есебінен өз әл-ауқа­тын арт­тыру мүм­кіндігін  беру үшін жүргізі­ле­ді. Халық­тық ІРО-ны іске асы­руға да­йын­дық үдерісі қоғамның үлкен қызы­ғушылығын тудырды. «Самұрық-Қазына» қорының алды­на қойып отырған негізгі мақсаты – Ха­лықтық ІРО-ны дайындау мен  өткізу үдерісін барынша ашық және түсінікті, ал орналастыруға ұсынылатын акция­ла­рдың халықтың қалың тобы үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Осыған орай оқырмандар назар­ларына ІРО мәселесіне қатысты қыс­қаша анық­тамалық ақпарат ұсынылып отыр. IPO деген не? IPO (ай-пи-о) аббревиатурасы ағыл­шын­ның Initial Public Offering – қандай да бір компанияның акцияларды сату үшін бастапқы жария ұсынуды білдіретін сөз тір­кесінен туған. Бұл ретте «бас­тапқы» сөзі компанияның өз акция­ларын  биржаға  алғаш рет шығаруын және оларды халық­тың қалың тобына шектеусіз ұсынуын білдіреді. IPO не үшін өткізіледі? ІРО өткізу мақсаттары әрбір нақты жағдайға байла­ныс­ты әртүрлі бо­луы мүмкін. Әдет­те ІРО мақсаты ком­па­ния­ға капитал тар­ту бо­лып табы­ла­ды, өйт­кені ак­ция­ларды жа­рия ор­наластыру ком­панияға ин­вес­тор­ларды көп­теп тар­туға мүмкіндік береді. Келесі мақсат компа­ния­ның құнын ба­ғалау болуы мүм­кін, өйт­кені оның ак­ция­лары­ның капитал ры­ногындағы ба­ға­сы құнның ең объек­тив­ті  және нақт­ы бағасын көрсетеді. Халықтық ІРО мемлекет халықты мем­лекеттік компанияларды басқаруға тарт­­қысы келген жағдайда өткізіледі. Мұн­­дай бағдарламаларды Ұлыбри­та­ния (1980 жылдар), Бразилия мен Польша (1990 жыл­дар) іске асырды. Бұл ретте, әдет­те, акцияларға қолжетімділік бірінші ке­зекте институттық және шетелдік ин­вес­торларға емес, елдің азамат­тарына беріледі. Акциялар не үшін сатып алынады? Тұтастай алғанда, экономикалық жа­­ғынан дамыған елдерде ірі ком­па­ния­лар­дың басым көпшілігі ІРО рәсі­мінен өтті және жеке тұлғалар да, сондай-ақ инсти­тут­тық инвесторлар да (зейнетақы қор­лары және т.б.)  сияқты акционерлердің кең ауқымына тиесілі. Осындай эконо­ми­ка­лық үлгі іс жүзінде меншікке қоғамдық иелікті білдіреді және барынша тиімді әрі әділ болып табылады, өйткені тұтастай қоғамның да, оның жеке азаматтарының да мүд­де­леріне сәйкес келеді. Өз қаражатын компаниялардың ба­ға­лы қағаздарына сала отырып, инвесторлар экономикалық өсімді қамта­ма­сыз етіп, олардың дамуына жәрдем­д­е­седі. Бұл ретте акционерлер компа­ния­ны бас­қаруға қатысады және ак­ция­лардың құны өскен жағдайда оларды иеленуден пайда табады, сондай-ақ пайдаға қаты­сады (дивидендтер түрінде). Тіркелген пайыздық ставкаларды ұсынатын банк депозиттерімен салыс­тыр­ғанда, акциялар бағаларының өз­геруі сыйақылармен де, тәуекелдермен де үйлесуі мүмкін және шығынсыздық кепілдемелері болмайды. Акцияларды сатып алу жылдам пай­даға немесе жалпы пайдаға кепілдік бермейді. Кез келген қаржы рыногы, оның ішінде қор рыногы құбылмалы (бағалар­дың құбылуы) жағдайда бола­ды. Бұл қандай да бір компа­нияның акцияларын сатып ала отырып, инвес­тордың  барлық тәуекелдерді де сатып ала­тындығын білдіреді, өйткені ак­ция­лардың құны көтерілуі де, сондай-ақ көптеген жағдайларға бай­ланысты тө­мен­деуі де мүмкін. Олардың қатарында ком­панияны тиімсіз басқару, елдегі ахуал­дың өзгеруі болуы мүмкін, мұнда эми­тент қыз­метті, дүлей апаттарды, эми­тент-компания жүргізетін тауар­ларға арналған бағалар­дың құлауы және т.с.с. жүзеге асырады – яғни  кез келген алдын-ала қиын болжа­на­тын, алайда рынокқа белгіл бір әсері бар құбылыстар. Сонымен бір мезгілде, компа­ния­ның табысты дамытқан, инвести­ция­лық бағ­дар­ламаларды тиімді іске асыр­ған кезде қолайлы рыноктық жағдайда акция­лар­ды игеруден түскен кіріс депозиттік банктік салымға қарағанда тым жоғары болуы мүмкін. IPO қалай болады? IPO-ны тиімді жүргізудің маңызды шарттарының бірі компаниялардың ак­цияларына өз қаражатын салуды шешетін инвесторлардың мүдделерін есепке алу болып табылады. Осыған орай, ІРО-ны дайындау және өткізу үдерісі  өте жауапты және едәуір көп еңбек қажет болады, тәуелсіз консуль­тант­тар­ды тартуды талап етеді.  Әдетте ол 6 айдан бір жылға дейін атқарылады. Бірінші кезекте, капиталдың жария ры­ногына шыққан компания  (мұндай ком­­па­ния «эмитент» деп аталады) тәуел­сіз кон­сультанттардың көмегімен өзі­нің қар­жы­лық-шаруашылық жағ­дайын, ұйым­­­­дық құ­ры­лымын және активтер құрылымын, ақ­па­раттық (оның ішінде,  қаржылық) ашық­тық­ты, корпоративтік басқару тәжі­рибесін және қызметтің басқа да  қыр­ларын талдайды. Осы талдау нәтижелері бойынша компа­ния оған ІРО-ны табысты жүзеге асы­руға кедергі келтіретін анықталған ол­қы­лық­тар мен кемшіліктерді жоюға ұм­ты­лады. Осы іс-қимыл әдетте капи­тал­дың жа­­рия рынокқа шығуы туралы шешім түп­­­кілікті қабыл­дан­ғанға дейін жалғасады. Әдетте, акциялардың бастапқы ор­наластырылуы мыналарды тарта оты­рып жүргізіледі:  андеррайтерлер және орнала­с­тыру­ды ұйымдастырушылар ретінде ин­вестициялық банктер немесе инвес­тициялық компаниялар;  ұйымдастырушылар және/немесе эмитенттердің консультанттары ретінде заң компаниялары;  аудиторлық компаниялар;  жұртшылықпен және инвесторлармен байланыс жөніндегі консультанттар рөліндегі коммуникациялық агент­тіктер. ІРО келешегінің жойылған кемшіліктерін ескере отырып, егер алдын-ала тексерулер қорытындылары бойынша эмитент оң бағаланатын болса, онда ІРО үдерісі  жаңа кезеңге – дайындық кезеңіне өтеді, ол уақытта:  IPO қатысушыларының коман­да­сы іріктеледі, сауда алаңы, әріптестер (консультанттар, делдалдар, андеррайтерлер) таңдап алынады, олармен ІРО іс-қимыл жоспары түпкілікті келісіледі.          Эмитент органдармен формал­ды шешімдер қабылданады, формалды рәсімдер сақталады және ресми құ­жаттар құрастырылады.  Инвестициялық меморандум  жа­с­алады – ІРО шеңберінде (мысалы, акция үшін баға, акциялар саны, қара­жат­ты пайдалану бағыты, дивиденд сая­саты және т.б.) ұсынылатын акци­ял­ар­ды сатып алу ту­ралы шешім қабылдау үшін  инвесто­р­ларға қажетті ақпаратты қамтитын құжат.  «Роудшоу» деп аталатын компания өкілдерінің әлеуетті инвесторлармен кездесулер сериясы іске қосылады,  оларда компанияның тұсаукесері, оның қызметі­нің негізгі көрсеткіштері және акция­лар­ды орналастыру сипаттама­ла­ры жүзеге асы­рылады.  Тағы бір эле­мент, алдыңғы IPO-ны орналастыру туралы жария хабарландыру.  Жүргізілетін ІРО және эмитент-компанияның өзі туралы әлеуетті ин­весторларды ақпараттандыру жөніндегі жарнамалық науқан өткізіледі. Бұл іс-шаралар эмитент-компа­ния­лардағы корпоративтік басқарудың ең үздік тәжірибесін қамтамасыз ете оты­рып, сондай-ақ компанияларды одан әрі да­мыту­дың жай-күйі және келешегі ту­ралы мейлінше толық ақпаратты инвес­тор­ларға ұсына отырып, әлеуетті акцио­нер­лердің мүдделерін қорғау үшін жүргізеді. Орналастыру туралы жария хабар­ланғаннан кейін  қоса берілетін бағалы қағаздарды сатып алуға арналған өті­нім­дерді жинау жүзеге асырылады, (егер ол алдын-ала белгілі болмаса) жа­­рия орналастырудың бағасы, өтінім­дерді қанағаттандыру және қорытын­ды­лар жасау тәсілі анықталады. Қорытындылаушы кезеңде өткен ІРО табыстылығын түпкілікті бағалау­ды айқындайтын бағалы қағаздармен сауда-саттық басталады. Осылайша, эмитент компанияның ба­ға­лы қағаздарының жасалған бас­тап­қы көпшілікке ұсыныс нәтижесінде сатып алушы акционерлердің пайда­сы­на өтуі бір­қатар іс-қимылдар мен рәсімдердің қо­ры­тынды сатысы болып табылады, ол эми­тент рынокқа ұсы­ныл­ған бағалы қағаздарды барынша тиімді сату мақсатында жасалады. Инвестор сөздігі: Акция – дивидендтер түрінде акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін алуға, сондай-ақ акционерлік қоғамды бас­қаруға және ол таратылған жағдайда, қал­ған мүліктің бір бөлігіне қатысуға оны ие­ле­нушінің (акционер­дің) құқығын бекітетін бағалы қағаз. Әдет­те, акция атаулы ба­ғалы қағаз бо­лып табылады. Қарапайым жә­не артық­шылықты болып бөлінеді. Бир­­­жадағы сауда-саттыққа жіберу үшін акциялар листинг рәсімінен өтуі тиіс және листинг рәсімінен өтпестен сауда-сат­тық­қа жіберілуі қажет. Сауда-саттыққа акция­лар­дың қатысуы ең қолжетімді әрі ұзақ мер­зімді капитал тартуға, компанияның құ­­нын арттыруға, қарыз алу құнын азай­ту­­ға, өзінің беделін көтеруге, биржа арна­ла­ры арқылы қосымша жарна­ма­ны жүзеге асы­руға және кейінгі шы­ға­ры­лымды сәтті ор­на­ластыруға эми­тентке мүмкіндік береді. Листинг - (ағылшыншадан list - список) – биржадағы сауда-саттыққа жіберілген бағалы қағаздардың тізіміне ак­ция­ларды не облигацияларды енгізу рә­сімі, биржа белгілеген шарттар мен та­лаптарға бағалы қағаздардың сәйкес­ті­гін бақылауды жүзеге асыру. Биржа тізімінің өзін көбінесе листинг деп атайды. Инвестор – кейіннен пайда  табу үшін (инвестициялар) тәуекелді капитал салатын адам немесе ұйым (оның ішінде компания, мемлекет және т.б.). Инвестициялар – кіріс алу мақ­сатын­да экономикаға ұзақ мерзімді капитал салу. Инвестициялар қазіргі эко­но­миканың ажырамайтын бөлігі болып табылады. Инвестициялар қайтып келеді және пайдалы жобаларда ғана кіріс әкеледі. Егер жоба шығынды болса инвестициялардың күйіп кетуі мүмкін. Эмитент – өз қызметін дамытуға және қаржыландыруға бағалы қағаз­дарын шығарған ұйым. Андеррайтер – (ағылшыншадан un­derwri­ter) – бұл бағалы қағаздарды шы­ға­ру және оларды бөлу үдерісіне бас­шы­лық­ты жүзеге асыратын заңды тұлға. Андеррайтер уәкілетті органнан тиісті түрде лицензия алған кез келген заң­ды тұлға бо­луы мүмкін, яғни ол ин­вес­тициялық ком­­пания немесе инвес­ти­циялық банк болуы мүмкін. Бұл заңды тұлға ин­вес­тор­ларға эмитенттің бағалы қағаздарының шыға­ры­лымын сатып алуға ұсынады. Бағалы қағаздар рыно­гын­дағы андеррайтингті андеррайтерлер тобы, яғни алдын-ала келісімде бел­гі­ленген баға бойынша бағалы қа­ғаз­дардың жаңа шығарылымын сатуды қамтамасыз ету үшін аз уақытқа құрыл­ған инвестициялық банктер және/немесе ин­вес­тициялық компаниялар то­бы жүзеге асыруы мүмкін. Андеррайтерлер синдика­тын жетекші андеррайтер басқарады. Жетекші андеррайтер баға­лы қағаздарды ор­на­ластыру бойынша синдикат ұйым­дас­ты­­рады, эмитентпен бай­ланыс ұстайды және орналас­тырылған қағаздарға есеп жүргізеді. Брокер – бағалы қағаздар ры­но­гын­дағы сауда өкілі, заңды тұлға, клиенттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен бағалы қағаздармен операциядар жасауға құқығы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы. Құбылмалылық - (ағылшыншадан Volatility – өзгермелілік) – баға өзгер­гіш­тігі үдерісін сипаттайтын статис­тикалық қаржылық көрсеткіш. Маңыз­ды қаржы көрсеткіші және қаржы тәуекелдерін бас­қарудағы ұғым болып табылады, мұнда белгілі бір уақыт аралығы үшін қаржы құралын пайдалану тәуекелін білдіреді.