09 Тамыз, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №709

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 25 маусым , Астана, Үкімет үйі «Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 286-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 3) тармақшасындағы «1,6-дан» және «2,2-ге» деген сөздер тиісінше «1,7-ден» және «4-ке» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ.