10 Тамыз, 2011

«Астана» – болашақтың университеті

356 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылы 7 желтоқсанда бекіткен Қаулысында (2011-2020 ж.ж. Қа­зақстан Рес­публикасының білім беру мемлекеттік бағдар­ламасының дамуы) білім берудің бәсекелестігін көтеру, экономиканы нығайту және сапалы білімге қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін адам қабілетін дамыту мақсаттары қойылған. Осындай елдік істі жүзеге асыруда жаңа үде­рістер көшбасшысы болатын университеттерге үлкен рөл жүктелген. Қазіргі кезде Қа­зақ­станда білім беру және ғылыми-өндірістік кешендер бо­лып саналатын ғылыми-зерттеу және инновация­лық университеттерді дамыту аса қажет. Ғылым, өндіріс пен білім беруді нығайтатын жоғары оқу орнына айналу – барлық қазақстандық универ­ситеттердің мақ­саты, солардың қатарында осы оқу жылында ғылым мен білім әлеміне қадам басқан «Астана» университеті де бар. «Астана» университеті – салалық жоғары білім беру және ғылыми-зерттеу мекемесі, үздік кәсіби білім беру жүйесі қалыптасқан. Университетте бес факультет бар: заң, мұнай және газ, экономикалық, шетел тілдері, халық­ара­лық қатынастар және гуманитарлық. «Астана» университеті бакалаврларды 16 ма­мандық бойынша дайындайды: «Заңтану», «Құ­қық қорғаушы қызметі», «Халықаралық құқық», «Экономика және құқық негіздері», «Мұнай және газ ісі», «Экономика», «Менедж­­мент», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Шет тілі: екі шет тілі», «Аударма ісі», «Халық­­ара­лық қа­ты­настар», «Мек­тепке дейінгі оқу және тәр­биелеу», «Бас­­тапқы білім беретін педа­го­­ги­касы мен әдіс­­темесі», «Педагогика мен психология», «Қа-зақ тілі мен әде­биеті» және 7 ма­ман­­дық бойынша ма­гис­тр­­лар­ды: «Заңтану», «Ха­лықаралық құқық», «Мұ­най және газ ісі», «Экономика», «Қаржы», «Шет тілі: екі шет тілі», «Халықаралық қа­ты­настар». «Астана» университетінде тек қана ғылым докторлары мен кандидаттары қызмет етеді. Университетте жұмыс істеп жатқан танымал ға­лым­дар қатарына заң ғылымдарының док­торлары Е.Б. Абдрасуловты, А.Т. Ащеуловты, М.С. Баши­мов­ты, А.Ш. Ещановты, М.А. Сәр­сембаевты, А.С. Сманды, А.А. Темірбековті; техника ғы­лым­да­рының докторлары Ж.Б. Бай­натовты, Л.В. Во­ронинаны, А.Д. Шыны­баев­ты, экономика ғылым­дарының докторлары К.Т. Аленованы, Ж.А. Анафияеваны, О.Т. Тө­ле­місовті, Г.Т. Шаку­ли­ка­ваны; филология ғы­лымдарының докторлары Ж.Ә. Әбуовті, Т.А. Аяпованы; педагогика ғылым­да­рының доктор­лары К.Р. Қалкееваны, П.Б. Сейт­қазыны және тағы басқаларды жатқызуға болады. «Астана» университеті алғашқы сәттен бастап жоғары деңгейдегі білікті мамандарды дай­ындауға бағытталған, осы мақсатпен бай­ла­нысты отандық және шетелдік жоғары оқу ор­ын­да­ры­мен, мемлекеттік билік орган­да­ры­мен, кәсіби бірлестіктермен бірігіп қызмет етеді. Еліміздің индустриялық-инновациялық қа­­жет­ті­лік­теріне сай келетін жоғары сапалы ма­мандарды дайындау – «Астана» универси­те­тінің мақсаты. «Астана» университеті: • Заңтану, мұнай және газ, шетел тілдері және гуманитарлық ғылымдар саласындағы тәжі­рибелі ғалымдар мен оқытушылар; • Қазақстанда және шетелдегі сапалы тәжі­рибе орындары; • Жарқын студенттік өмір; • Жұмысқа орналасудың шынайы мүмкін­діктері; • Жаһандық интерактивтік кеңістік; • Студенттерді әлеуметтік қолдау; • Университеттің өз гранттарын алу мүм­кіндігі. «Астана» университеті жоғары оқу мекемесі ретінде студенттерге болашақта сәтті қадам жа­са­уына және үлкен жетістіктерге жетуіне барлық мүмкіндік жасайды. Еркін ОҢҒАРБАЕВ, «Астана» университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор.