16 Тамыз, 2011

Бақылау баянды болсын десек

517 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Қазақстанның қылмыстық іс жүр­гізу сатысында сот бақылауы мәселесі қызу пікірталас туғызып отыр. Тоқ­саныншы жылдардың басында қамау­ға алу және қамауда ұстау мерзімін ұзар­ту туралы қаулыға сотқа шағым­дану құқығы түрінде пайда болған бұл институт алдын ала тергеу орган­дары­ның шешімдеріне сотқа шағымдану мүмкіндігін кеңейту жағына қарай дами түсті. Соңғы жылдардың ішінде жеткілікті тәжірибе (сот-тергеу тәжі­ри­бесі) жиналды. Осыған байланысты сот бақылауының қызмет өрісі уақыт өте келе айтарлықтай кеңейді. Бүгінгі уақытта сотта шағым­дану­ға рұқсат етілетін алдын ала тергеу органдары мен прокурордың шешімдерін шартты түрде үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа тергеу және анықтау органдары, сондай-ақ прокурор (тергеудің белгілі бір сатысы үшін немесе жалпы) қорытынды немесе түпкілікті шешімдерін тұжырымдаған олардың қаулылары жатады. Бұл жерде әңгіме қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы, қылмыстық істі қыс­қар­ту туралы (жалпы немесе нақты тұл­ға­ға немесе тұлғаларға қатысты), қыл­мыстық іс бойынша тергеуді тоқтата тұру туралы, қылмыстық істі бөліп шығару немесе қылмыстық істерді біріктіру туралы, қылмыстық істі (тергелуге тиістілігі, аумағы бойын­ша) жіберу туралы және т.б. қаулылар тура­лы болып отыр. Екінші топқа сот тәртібімен ша­ғым­дануға жол берілетін тергеу және анықтау органдарының шешімдері жа­тады, оған қылмыс жасады деген кү­дік­ті немесе айыпталып отырған адам­ның негізгі құқықтары мен бос­тан­дықтары кіреді. Істі тергеу кезінде дәл осы адам ең үлкен шектеулерге душар болады, сөйтіп, бұл жерде сот бақы­лауы ең кең ауқымдана түседі. Ұстау, қамауға алу, тергеу және қамау­да ұстау мерзімін ұзарту туралы қау­лыға сотқа шағымданудан басқа, тінту жүргізу; мүлікке тыйым салу, лауазы­мы­нан шеттету, сот-психиат­рия­лық сараптама жүргізу үшін ста­ционарға жатқызу ту­ралы қаулыға және т.б. қау­лыларға ша­ғымдану құқы­ғын атап көрсетуге бо­лады. Іске нақты қорғау­шыны қатыс­тырудан бас тарту туралы тергеушінің шешіміне сотқа шағым­да­ну мүмкіндігі жөніндегі пікір де негізді деп есептеймін, себебі оның қор­ғану құқығына тікелей қатысы бар. Өзге бұлтартпау шараларын, мысалы ешқай­да шықпау секілді қолхатты таңдау туралы тергеуші мен проку­рордың шешіміне сотқа шағымдану мүмкін бе? Мұндай бұлтарт­пау шарасының таң­далуы азаматтың жү­ріп-тұру бостанды құқын шектейді. Дегенмен, тәжірибе жүзінде мұндай ша­ғым­дар өте сирек кездеседі. Бұлтартпау шара­сы ретінде кепілзат алудың қол­данылуына да шағым берілмейді, себебі іс жүзінде ол мүдделі тараптардың (айып­талушының, адвокаттың) өтінімі бойынша немесе солардың келісімімен қолданылады. Үшінші топқа тергеу және анықтау органдарының өзге шешімдеріне ша­ғым­дану құқығын жатқызуға болады (мұнда куәлердің, заңды өкілдердің және т.б., мысалы, үйлерінде тінту жа­са­лып, мүл­кіне хаттама түсірілген айып­талу­шы­ның ата-анасының және т.б. шағымдары туралы әңгіме болып отыр). Бұған бай­ла­нысты жағдайлар өте көп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта процеске қатысушы­лар­дың іс жүргізушілік құқықтарын бұзбай­тын, тек қана солардың мүддесін қана­ғат­тандыр­май­тын алдын ала тергеу органдарының шешімдеріне не әрекет­теріне (мысалы, куәдан жауап алудан, сараптама таға­йын­даудан бас тарту) бай­ланысты сотқа шағымдануға бол­май­ды, бұл әрекеттер сот талқылауы кезеңінде сот бақы­лауы­на түсуі мүмкін. Сот бақылауы мәселелерін тал­қы­лау кезінде әртүрлі көзқарастарды кездестіруге болады: біреулер оның ауқымын одан әрі кеңейту керек десе, басқалары, керісінше, оның ауқымын тарылту немесе шектеу қажет; тағы біреулері қазіргі жағ­дайды сақтап қалған дұрыс деп есептейді. Көптеген заңгер-ғалымдар алдын ала тергеудегі соттың өкілеттіктерін бірізділікпен кеңейтуді қолдап, пікір білдіреді. Олар сотқа шағымдануға жол берілетін негіздемелер тізімін елеулі түрде кеңейту жолын ұстанған дұрыс деп есептейді. Оған «қыл­мыс­тық істің алға жылжуына» кедергі жасайтын ал­дын ала тергеу органдары мен проку­рор­дың негізгі әрекеттері мен шешімдеріне ғана емес, дәлел­де­мелер жинау бо­йынша тергеу амал­дарын жүргізу тур­а­лы қорғау тарапы­ның өтінішін қанағат­тан­дырудан бас тартылуына сотқа ша­ғымдануды кіргізу ұсынылып отыр. Бір қарағанда, бұл ұсыныс қисын­ды болып көрінеді, өйткені, түптің түбінде ол істің мән-жайларын зерттеу­дің толық­ты­ғын, жан-жақтылығын және шына­йы­лығын қамтамасыз етуге бағыт­талған сияқты. Бірақ жағдай әлде­қайда күрде­лірек. Қорғау тарапына мұндай құқық берілсе, бұл алдын ала тергеу кезеңінде үнемі сот отырыстарының өткізілуіне әкелуі мүмкін. Жекелеген адвокаттар осын­дай өтінімдерді мәлім­деп, содан соң бас тартуға байланысты сотқа ша­ғым түсіріп, тергеуді қасақана со­зып, оны аяғы жоқ сот дауына ұластыруы әбден мүмкін. Кейбір ғалым­дардың дәлел­де­мелер жинау бойынша, тергеу амал­дарын жүргізу туралы қор­ғау та­ра­пының өтінішін қанағаттан­дырудан бас тартылуына сотқа шағым­дану құ­қығын заңға кіргізу туралы ұсы­нысты жөн көрмеуінің себебі осында болар. Бұған дейін қамауға алуды санкциялау мәселесін шешкенде проку­рор­дың бақылаусыз болғанын мойын­дауы­мыз керек. Жоғары тұрған прокурор қамауға алудың заңдылығын әдет­те шағым түс­кен жағдайда ғана және біршама көп уа­қыт өткен соң ғана тексере алатын. Сот бақылауының енгізілуімен прокурорлар корпусының пси­хо­логиясы де өзгерді. Қазір дәлел­де­ме­лер болмаса немесе жеткіліксіз болса, адамды қамауға санкция беруді жөн көретін прокурорлар аз, себебі олар ертеңгі күні өзінің шешіміне сотқа шағым түсуі мүмкін екенін біледі. Прокурор өз шешімінің негізділігі мен заңды­лығына сенімсіз болса, сотқа ша­ғым түскеннен кейін, оның қаралуын күт­п­ей-ақ адамды қа­мау­дан босататын жағдайлар да тәжі­рибеде жиі кездеседі. Осылайша, сот бақы­лауы­ның енгізілуі қамауға санкция беру кезіндегі про­ку­рор­­лардың жауапкершілігін арттырды. Ұстау мәселесіне келер болсақ, адам­­ның құқықтарын шектеудің бұл түрі­не сот бақылауының болу міндеті Қазақ­стан Республикасының құқық жүйесінің бір бөлігі болып табы­ла­тын және қолданыстағы ҚІЖК қоса алғанда, ішкі заңнаманың алдында басымдығы бар халықаралық құқық­тан келіп шығады. Алдын ала тергеудің өзге мәсе­лелері – бұл басқа жағдай. Бұл жерде сот бақылауының көптеген артық­шы­лық­тарына қарамастан, оның кез келген себепке байланысты барлық қиын­дықтан шығуға болатын құрал бола алмайты­нын ескеру керек. Ведомство­лық бақы­лаудың да өз артық­шы­лық­тары бар, әсіресе адам құқықтары туралы әңгіме болғанда оларды жоққа шығару мүлдем дұрыс емес. Айталық, бақылау тәртібі­мен сот шешімін жедел қабылдау бір­қатар себеппен әркез мүмкін бола бер­мейді, ал прокурор жағдайды сот­қа шағымдануға жеткізбестен, анықтау немесе тергеу орга­ны­ның заңсыз шешімі­нің күшін дереу қайтара алады. ҚІЖК-де сотта шағымдануға бола­тын шешімдер мен әрекеттерді әрқай­сысын тура атап көрсетіп, нақты белгілеу қажет немесе сотта шағым­дануға бол­май­тын шешімдер мен әре­кет­терді көр­сету қажет деген ойда­мын. Басқаша жағ­дайда тергеу тығы­рық­қа тірелуі мүм­кін. Сонымен қатар, ҚІЖК жоба­сында ша­ғым беру құ­қы­ғы процеске қатысу­шы­лар­да ғана емес, сондай-ақ егер іс жүр­гізу­шілік әре­кеттер олардың мүдде­лері мен шешімдерін қозғайтын болса, азаматтарда, кәсіп­орындарда, мекемелер мен ұйым­­дарда да болатыны туралы жал­пы­лама тұжы­рым­ды өзгер­тіп, сотқа осындай шағым түсіруге құқылы тұлға­лар қа­тарын заңда нақты айқын­дау керек. Есберген АЛАУХАНОВ, заң ғылымдарының докторы, профессор. Алматы.