16 Тамыз, 2011

Ұйым Сомалиді қамқорлығына алды

312 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Сыртқы істер министрлігінде аталған ведомствоның ресми өкілі Асқар Абдрахманов журналистер үшін кезекті брифинг өткізді. Ресми өкілдің айтуынша, 17 та­мызда Ыстамбұлда Түркияда Ис­лам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) Атқарушы комитетінің төтенше оты­­рысы өтеді, бұл отырыс Сомалидегі гуманитарлық дағдарысқа ж­ә­­не оны жедел еңсеруге бағыт­тал­­ған ИЫҰ қамқорлығындағы бір­лескен іс-қимылдарға арналмақ екен. «ИЫҰ СІМК Төрағасы – ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазы­ха­нов­тың төрағалығымен өтетін оты­­рыс жұмысына Сомали Президенті Ш.Ахмед, Түркия Премьер-министрі Р.Эрдоған, ИЫҰ Бас хатшысы Э. Ихсаноғлу, Ұйымға мүше мем­ле­кеттердің министрлері қат­ысады», деді А. Абдрахманов. Брифинг барысында белгілі бол­­ғаны, кездесу қорытындылары бой­ынша Атқарушы комитет оты­ры­сына­ қатысушылар Қорытынды ком­мюнике қабылдайды екен. Ыс­­там­бұл­дағы кездесу мүше мем­лекеттер тарапынан Сомалиге гу­ма­нитарлық және қаржылық кө­мек­тің елеулі шо­ғырланды­ры­лу­ы­на мүм­кін­дік жаса­мақ, сондай-ақ, ИЫҰ-ның Сомалиге көмектің ар­найы бағдарламасын ар­найы қор­лар­мен қамтамасыз ету де көз­деліп отыр­ған көрінеді. Асқар Абдрахманов кездесу ба­ры­сында Ыстықкөлде соққыға жы­ғылған қазақстандық турист Ерлан Балмахаевтың операция жасау үс­тінде қаза тапқанын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақ­стан­ның Қырғыз­стандағы елшілігіне қайтыс болған азаматтың мүр­де­сін Алматыға жеткізу үшін ар­на­йы жабдықталған көлік жіберілген екен. А.Абдрахмановтың сөзі­не қа­ра­ғанда, қазіргі таңда қыр­ғыз по­ли­ция­сы қазақстандық туристі өл­імші етіп сабады деген кү­­дік­пен екі аза­матқа іздеу жа­рия­лаған көрінеді. Бұл мәселе бойынша Қазақстанның Бішкектегі елшілігі Қырғыз­стан­ның Ішкі істер министрлігімен тұ­рақты бай­ла­ныс­та. Бүгінде оларды құ­рықтау жө­нін­дегі шаралар атқа­рылуда екен. Бұл күнгі брифинг барысында АҚШ-та ес-түссіз жатқан А. Ах­ме­тованы жасанды тыныс алу аппа­ратынан үзбей Қазақстанға жеткізу мәселесі қарастырылып жат­қаны жайлы да айтылды. Бұ­ған дейін «Work & Travel» бағ­дар­ламасы бойынша АҚШ-та жұмыс істеп жүрген павлодарлық Айнұр Ахметова Массачусетс шта­тын­дағы госпитальдердің бірінде ес-түссіз жатқаны хабарланған бо­ла­тын. Ол түнде өзі жұмыс істеп жүр­ген қонақүйдің бассейніне шо­­мы­лып, белгісіз жағдайда суға бат­қан. Қонақүй қызметкерлері қызды судан шығарып, полиция мен жедел жәрдем шақырған. Америкалық полицейлер оқиғаны 4 тамыз күні еліміздің АҚШ-тағы Бас консул­ды­ғына хабарлаған. «Отандасымыз Айнұр Ахметова АҚШ-тағы Массачусетс шта­тын­да­ғы госпитальдердің бірінде бұрын­ғы­сын­ша ес-түссіз жатыр. Өкінішке қа­рай, 9 тамызда оның миы тіршілігін тоқтатты деген диагноз қойыл­ған болатын. Алайда бұған күмән­дан­ған Ай­нұр­дың туысқан­да­ры АҚШ-та тұ­ра­тын танымал дә­рігер, профессор Владимир Зельманмен ха­бар­ласқан екен. Аталған маман ота­н­дасымыздың миы ра­сын­да да тіршілік етуге қауқарсыз екенін жә­не оның қалыпты өмірге оралуы­на еш мүм­кіндігі жоқ екенін рас­тады», деді брифинг барысында А. Абдрахманов. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.