19 Тамыз, 2011

«Тіл – халық жанын танудың кілті» республикалық байқауының ережесі

537 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
«Қазақстан Республикасы Мә­де­ниет министрлігі мен Қазақ­стан­ның орыс қауымы арасын­дағы өзара түсіністік пен әріп­тес­тік туралы» меморандумға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәде­ниет министр­лі­гінің Тіл комитеті және Қазақ­стан­ның Орыс қауымы қазақ тілін меңгерген жастарға қолдау көрсету, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру және мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арт­тыру мақсатында орыс жастары ара­сында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты республи­ка­лық бай­қауын жария­лайды. Байқауға 14-22 жас аралығын­дағы жастар қатыса алады. «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты республикалық бай­қау үстіміздегі жылдың 5 қыр­күйек – 25 қараша аралығын­дағы екі кезең бойынша өткізіледі. І кезең – аймақтық, ол 2011 жылғы 5 қыркүйектен – 15 қа­раша аралығында облыстар және Астана, Алматы қалалары бойын­ша өткізіледі. ІІ кезең – республикалық, ол 2011 жылғы 25 қарашада Тіл комитеті және Қазақстанның Орыс қауы­мы­ның ұйымдастыруымен Ал­­маты қа­ла­сындағы,  Достық үйінде өтеді. Байқаудың бірінші кезеңінің ұйым­дастырушысы жергілікті бас­қару органдары мен Қазақ­станның Орыс қауымы филиалы, ал ақтық мәренің ұйымдастырушысы Мәде­ниет министрлігінің Тіл комитеті мен Қазақстанның Орыс қауымы болып табылады. Байқаудың бірінші кезеңінің шарттары. Бірінші номинация – лексико-грамматикалық тест. Орындау уақыты- 40 мин. Екінші номинация – жазбаша және ауызша тапсырмалардан тұрады: а) ауызша тапсырма: қатысушы­лар ұсынылған сөйлемдерден өз­дерінің қаласы, ауылы, мектебі, ұс­тазы, т.б. туралы әңгіме құрап, айтады (билеттік жүйе); б) жазбаша тапсырма: ұсыныл­ған тақырыптарға эссе жазу; Үшінші номинация қазақ әде­биеті классиктерінің шығарма­ла­ры­нан үзін­ді оқып, классиктің өмір­баянын қысқаша мазмұндау. Орын­дау уа­қыты - 3-5 мин. Байқаудың екінші кезеңінің шарттары. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі: – «Мемлекеттік тіл – тәуел­сіздіктің нышаны» атты ауызша таныстырылым (тұсаукесердің та­қырыбын байқауға қатысушы­ның өзі туралы әңгімемен бай­ла­ныстыру, электронды және басқа нұсқаларды пайдалануға болады). Орындау уақыты 3-5 мин.; - «Тіл – халық даналығының асыл қазынасы» қазақ сөз өнерін білуге арналған тест. Орындау уа­қыты - 30 мин. - қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары үзінділерінің маз­мұ­нын заманауи театрлан­ды­рыл­ған интерпретацияда баяндап, клас­сик­­тің өмірбаянын қысқаша маз­мұн­­дау (билеттік жүйе). Орын­дау уа­қы­ты 5 минуттен ас­пауы керек – Шығармашылық тапсырма «Шабыт жұлдызы»: халық аспап­тарында ойнау, ұлттық ән, би, көр­кем сөз оқу, т.б. арқылы қазақ­тың ұлттық мәдениетін көрсету (үй тап­сырмасы). Орындау уақыты 5-7 минут. Республикалық байқаудың же­ңім­паздары ақшалай және дипломдармен марапатталады. Байқауға қазақ мектептерінде және жоғары оқу орны 4 «қазақ фило­ло­гия­сы» мамандығында білім алу­шы­лар, сонымен қатар алдыңғы бай­қаулар­дың жеңімпаз­дары мен жүл­дегер­лері қатыстырылмайды.

Ұйымдастыру комитеті

Байланыс телефондары: Астана қ. 8 (717/2) 740510