Қазақстан • 10 Мамыр, 2017

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Кей жерлерде желдің күшейюі күтіледі, оңтүстікте оған шаңды дауыл араласады. Республиканың тек оңтүстік-батысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Атап айтқанда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіліп, жел күшейеді. Түнде оның екпіні 15-20 м/с-қа, Солтүстік Қазақстан облысында күндіз 23-28 м/с жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей аумақтарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-23 м/с күшейеді. Қызылорда облысында оған шаңды дауыл араласады.

Павлодар облысында күндіз жел 15-25 м/с дейін артып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. 

 

Соңғы жаңалықтар