Қазақстан • 10 Мамыр, 2017

Елді сүйсінткен ерлік

163 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміз бойынша Тәуелсіздік жылдарында 39 әскери қызметкер ерліктері үшін мемлекеттік наградаларға ие болса, соның бірі «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығына қарасты №35804 әскери бөлімінің взвод командирі, 2-санатты сержант Ержан Садықов. Ол қаладағы коммуналды шаруашылық бөлімінің екі жұмысшысының өмірін сақтап қалған.

Елді сүйсінткен ерлік

Оқиға былай болған еді. Семей қаласындағы Бере­говая-72 мекенжайы бойын­ша су құбырларын қоса­тын камераның ішінде екі ер адам қондырғыларды газбен дәне­керлеп отырады. Кенет әлде­бір ақау орын алып, ауа тары­лып, газбен уланған, олар­дың тыныс алуы қиындай бас­тайды. Құдық ішінде жұмыс істеп отыр­ған, олар шамалары кел­ген­ше көмекке шақырып, жан дауыс­тарымен айқайлайды. Дәл осы сәтте сол құбырдың қасынан Ержан Садықов өтіп бара жатқан еді. Көп ойланып, толғанбастан Ержан бірден көмекке ұмтылады. Дереу екі жігітке көмек көрсетіп, оларды құбырдан алып шығады. Сөйтіп, әлгі екі азаматқа дереу алғашқы медициналық жәрдем де көрсетеді. Оның бейбіт күндегі осы ерлігі туралы хабардар болған бөлім командирлері әскери қызметкерді марапатқа ұсынды. Ержан Садықовқа «Ерлігі үшін» медалі табыс­талып, төтенше жағдайды көрсеткен көмегі үшін Алғыс хатпен де марапаттады. 
– Қазақстанда туып-өстім. Осындай елім болғанын мен мақтан тұтамын, – дейді Ержан Садықов. – «Отан – оттан да ыс­тық» деген,  туып өскен, кін­­­­дік қаның тамған жерің, ата­­­ме­кеніңе жетер не бар?! Сол­ ата­­ме­­кеніңде өмір сүріп жат­­­қан отан­дастарыңа қажет кезін­­­де көмек қолын созу, әрине, бас­­­ты парыз деп есеп­теймін. Адам өмірі қашан да қым­бат. Өмір­­г­е ғашықтық – бұл адам­ның рухани деңгейінің биікті­гін көр­сетеді. Ержан Садықов шын мәнінде Отанына адал қыз­­мет етуші, халықтың қалау­лы аза­­мат­тарының бірі. Әрине, осын­дай ұлдары бар елдің еңсесі биік.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
Семей
Суретті түсірген автор