Қазақстан • 10 Мамыр, 2017

Реформалардың заңды жалғасы

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағ­д­ар: рухани жаңғыру» бағ­дар­ламалық мақаласында қо­ға­мымыздың рухани дамуы­ның бұ­дан былайғы жолдары нақты бел­гіленген. 

Реформалардың  заңды жалғасы

Елбасының ұлттың бола­шақ­тағы табысты болуы оның та­биғи байлығымен емес, адам­­дарының бәсекелік қабі­ле­­ті­мен айқындалады деген тұжы­ры­мына қолдау білдіремін. Нұрсұлтан Әбішұлы бәсекеге қа­бі­леттілік туралы іс жүзінде әр­бір бағдарламалық құжатында ай­­тып келеді. Елбасының қазіргі ең­бегі – сол реформалардың заң­ды жалғасы болып табылады. 
Қоғамдық сананы жаңғыр­ту­ды іске асыру үшін елімізде оның мықты іргетасы қаланды: үш тілді дамыту, мәдени жә­не кон­фессияаралық келісім жө­нін­­дегі және басқа да ма­ңыз­ды бағдарламалар әзірленіп, қа­был­дан­ды. Ең бастысы, әрбір қа­зақ­стан­дық осы рефор­ма­лар­дың ру­хын сезінді, санасын өзгертті және жауапты азамат, мықты ұлтқа айналу үшін барлық күш-жігерін салуда. 
Президент мәдениетті, ұлт­тық кодты сақтауды басты бағдар ре­тінде қазақстандықтарға ай­қын­дап берді және жергілікті би­­лікке «Ту­ған жер» және «Қазақ­стан­­ның қа­сиетті руха­ни құн­ды­лықтары» бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на жауапты қарауды тапсырды. Бұл маңызды жобаларды іс­ке асыруға ғалымдар, қоғам қай­рат­керлері, өлкетанушылар, тари­х­шылар, зиялы қауым өкілдері бай­салдылықпен атсалысуы ке­рек деп ойлаймын. Біз, Сенат де­пут­аттары өз тарапымыздан Қазақстанның дамудың жаңа са­тысына көтерілуіне бар күш-жі­герімізді жұмсайтын боламыз.

Ольга ПЕРЕПЕЧИНА,
Парламент Сенатының 
депутаты 
 

Соңғы жаңалықтар