Президент • 10 Мамыр, 2017

Президент авиация саласына қатысты заңға қол қойды

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев авиация саласындағы ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттармен үндестіретін заңға қол қойды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Президент авиация саласына қатысты заңға қол қойды

Мемлекет басшысы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы ұлттық заңнаманы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарымен үндестіруге, ұшулардың қауіпсіздігі мен авиация қызметін реттеудің тиімділігі деңгейін жоғарылатуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.