26 Тамыз, 2011

Конституция құндылықтары – ең асыл қазына

745 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Конституция кү­­­­ні – біздің мемле­ке­тіміздің, халқы­мыз­­­дың ең ұлық мере-келерінің бірі. «Көп­­тің сөзі – киелі» дейді дана халқымыз. Ғасырлар тоғысында Қазақстан халқы да тағдырлы шешім қа­былдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам бас­қанына, міне, аттай 20 жыл толғалы отыр. Ата Заңымыз – мызғы­мас мем­ле­кет­тігі­міз­дің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елді­­гіміздің бұл­жы­мас бағдары, кемел келеше­гі­міздің кепілі! Конституциямыз адам құ­қық­­­тарының жал­пыға бірдей 1991 жылдың 16 желтоқ­са­нын­да қа­был­данған Декларациясы ру­хын­да жазылып, қабылдан­ды. Сондықтан да Ата Заңы­мыздың басты да артықшы­лық­қа ие қа­ғидаты – біздің рес­публикамыз­д­ың ең қым­бат қазынасы – адам, оның өмірі, бос­тан­дығы және қол сұғуға бол­майтын құ­қық­тары деп мо­й­ындалуы. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­касында бірінші кезектегі іс-әрекет, мемле­кеттің сая­саты азаматтардың және қоғамның мүд­десіне бағышталады, сон­дық­тан да біз­дің мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық деп жарияланды. Ата Заңымыздың беріктігі арқасында еліміз әлемдік саясаттың сахнасына шы­ғып, өзін мойындата білді. Заңына қарап елін та­ни­тын заманда Қазақ мемлекеті дүниежүзін­дегі ең ірі және беделді ұйым­дардың бірі Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті. Араға айлар салып ресми Астана Ислам ынтымақтастығы ұйы­мына басшылық жаса­ды. Келелі кеңесте ислам елдерін алаң­датқан түйіткілді мәселе­ле­рі талқыланды. Мемлекет басшысы – Ел­ба­сы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам елдерінің тарихын саралай келе, атақты ғұламалардың дәл осы Азия құрлығынан шыққанын атап өтті. Алайда соңғы кездері ғылым мен білім­нің дамуы, әлемдік маңызы бар жаңалық­тар­дың ашылуы жөнінен мұсылман елдері көш соңында екенін де ашық айтты. Қазақстан Президенті осы олқылықтардың орнын тол­тыру үшін Ислам мемлекеттері басшыларын бірлікке, ынтымаққа шақыр­ды. Елбасының бұл бастамасын Ислам елдерінен келген өкілдер қуана құптады. Міне, жыл тәулігіндей уақытта елімізде осындай ірі саяси шаралар өтті. Мұның өзі мемлекетіміздегі адам құндылық­та­ры­ның жо­ғар­ғы сатыда екенін айғақтайды. Аза­мат­­тар­дың бостандығы мен еркін өмір сүруі мемлекеттің дамуына үлкен серпін береді. Өйткені, демократия бар жерде эко­номи­ка­лық өсім болады. Қазақ елі соның айқын дәлелі. Мемлекетіміз бар жоғы 20 жылдың ішінде толағай табыстарға жетті. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік органдар арасында прокуратура айрықша орын алады. Әрбір азаматтың консти­ту­циялық құқығы мен еркіндігін қамтамасыз ететін прокуратура құқық қорғау саласы ретінде, бүгінгі таңда мемлекетіміздің маңызды тетігіне айналды. Оның басты міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлес­тік­тердің, кәсіпорындар­дың, мекемелердің және лауазымды тұл­ға­лардың, заңдарды, Пре­зи­дент­тің жар­лық­тарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді мүлтіксіз және біркелкі қол­да­нуына жо­ға­рыдан қадағалауды жүзеге асы­ру болып табылады. Еліміз тәуелсіздік алып, еркіндікке қол жеткізгеннен бері Қазақстан Республика­сы­ның про­­куратура органдары да жа­ңа қарқын мен дамып, өз жүйесін қалыптастырды. Яғ­ни, 1991 жыл­дың 6 жел­тоқ­са­нын­да Жо­ғар­ғы Кеңестің «Про­куратура органдарының бі­рың­ғай жү­йесін құру, оның дербестігі мен тәуел­сіз­дігін қамтамасыз ету тура­лы» қау­лы­сымен республиканың Бас про­куро­рына ба­ғы­на­тын бірыңғай прокуратура органдары­ның жүйесі құрылды. Содан бері де міне 20 жыл өтті. Осы ара­лық­т­а қа­да­ғалау органы талай әділдік іздеген азамат­қа қорған болды. Прокуратура саласы Конституциямен бекітілген әр­бір заңның үстем­дігіне ара түсуші, әділ­дік­ті жақтаушы орган ретінде қоғамда осы қырынан танылды. Қазіргі күні Қостанай облысының про­ку­ра­турасы азаматтардың арыз-өтініш­терін қа­рауда үлкен жауапкершілікпен келеді. Со­ның нәтижесінде тұрғындар заңды кө­мекке жүгінеді. Азаматтардың еңбек құ­қықтары­ның сақталмауы, жалақының уа­қтылы тө­лен­беуі, сот шешімдерінің ор­ындалмауы си­яқты мәселелер прокурор­лар­дың жіті наза­рында. Прокуратура ор­ганы азаматтардан келіп түскен арыздар­дың қаралуына аса мән беріп, оның мерзімінде орындалуын өз ба­қы­ла­уы­на алады. Өйткені, әрбір шағымның со­ңын­да әділдік іздеген азаматтардың сенімі бар. Қостанай облысының прокуратурасы аза­маттардың еңбек құқығын қорғау, сы­байлас жемқорлықпен күресу, мемлекетке келген шы­ғынды қайтару сияқты маңызды мәсе­ле­лерді жүзеге асыруда. Үстіміздегі жыл­дың жартыжылдығында мемлекет қа­зынасына 600 миллион теңгеден астам қа­ражат өн­ді­рілді, 22 мыңнан аса азаматтың конститу­ция­лық құқығы қорғалды. Заңнан аттаған 2 мыңдай лауазымды тұлға жау­ап­қа тартылды. Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күресу заңна­маларын қадағалау жұмыс­тары нәтижесінде 816 заң бұзушылық ан­ықталды. 194 лауа­зым­ды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тар­тыл­ды, мемлекет пай­да­сына 29,4 млн. теңге өндірілді. Бюджет қаржысын мақсатты пайдалану жөнінде тексеру жүргізіліп, заң та­лап­тарына қа­рама-қайшы келген 29 мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінің күші жойылды, 6 400 азаматтың еңбек құқығы қор­ғалды. Әсіресе, жұмысшы топтың жала­қы­сын уақтылы алмау мәселесі прокуратура органдарының басты назарында отырады. Мысалы, үстіміздегі жылдың басынан бері облыстың прокуратура органдары еңбек заң­намаларының сақталуына байланысты 70-ке жуық тексеріс жүргізілді. Мұқият жұмыс­тың арқасында 3000 мыңдай заң бұзушылық анықталды, прокурорлардың қадағалау актілері арқылы 270 миллион теңге жалақы өз иесін тапты. Қостанай облысы Сарыкөл ау­дандық прокурату­ра­сының тікелей арала­суы­мен 2010 жылдың тамызынан бастап үстіміздегі жылдың қаң­тар айына дейін тиісті жалақыларын ала алмай жүрген «Урицкое МТС» пен «Центр» жауапкершілігі шектеулі серік­тес­­тіктерінің 255 қызметкерінің консти­ту­циялық құқығы қорғалып, оларға 13 миллион теңге еңбек жалақысы қайтарылды. Қостанай облысының прокуратурасы қор­шаған ортаны қорғау заңнамаларының сақ­та­луына да аса көңіл бөледі. Мәселен біздің бастамамызбен, Бас прокуратураның қолда­уы­мен үстіміздегі жылдың 21 ма­мырында Қос­танайда Бас прокурордың бірінші орын­ба­сары Иоган Меркельдің төрағалық етуімен киіктердің тұқымын сақтап қалу мәсе­лелері және браконьерлікке қарсы әрекет ету шаралары туралы Ішкі істер, Ауыл шаруа­шылығы министрліктері, халықаралық та­биғат қорғау ұйымдары, бірқатар облыстар әкімдіктері, ішкі істер департаменттері өкіл­де­рінің, кейбір облыс прокурорларының қа­ты­суымен өңіраралық кеңес болып өтті. Келелі кеңесте ақбөкен­дердің санын қалпына келтіруге басты кедергілердің бірі браконьерлік болып табылатыны айтылды. Мыса­лы, Қостанай облысында жануарларды жаппай заңсыз ату салдарынан соңғы он жыл ішінде Бетпақдаланы мекендеген акбөкендер күрт азайғандығы алаңдатады. Кеңес қоры­тын­дысында жануарларды браконьерлік жол­мен құртуға қарсы күресті күшейтуге бағытталған мемлекеттік органдар қызметі және оның жағдайы жөнінде Үкіметке ақ­па­рат беруге шешім қабылданды. Біз қазақ халқы әрқашан бауырмал, кіші­пейіл, дархан даланың төсіндей көңі­лі­міз ашық елміз. Қазақстан бүгінде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың жерұйық мекеніне айнал­ған. Әри­­не, бұл ең алдымен Ел­ба­сымыз Нұр­сұлтан На­зарбаевтың сындарлы саясатының арқасында дер едім. Дамудың даңғыл жолы­на түскен елі­міздегі атқары­лып жатқан іргелі бағдар­ла­малардың, ре­формалардың жүзеге асуына бас­қару ны­саны және Қазақстанның унитар­лық біртұ­тастығы, азаматтардың құ­қықтары мен еркіндіктері, баршаның игілігі жолын­дағы тұрақтылығы кепіл болмақ. Тәу­елсіз еліміздегі түрлі ұлттардың татулықта, бұзыл­мас бірлікте өмір сүруінің, адам­дар­дың құқық­та­ры мен бостандықтары сақта­луы­ның және де­мократиялық мемлекеттің негізін қалаған Ата Заңымыз – Конституция десек артық болмас. Сондықтан Конституция күні – халық еркінің мейрамы. Тәуелсіз Қазақста­ны­мыз­бен бірге Ата Заңымыз да мәңгілік жасай береді! Әбдіқадыр Кәрім,  Қостанай облысының прокуроры. Қостанай.