Аймақтар • 11 Мамыр, 2017

Ардагерлерге билет сыйға тартылды

170 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Облыстық ішкі істер департаментінде өткен кезекті іс-шара барысында соғыс, еңбек және тыл ардагерлеріне ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің 160 билеті салтанатты түрде табыс етілді.

Ардагерлерге билет сыйға тартылды

Біз осындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұраған Көпеевті әңгімеге тартып, аға буын өкілдеріне көрсетіліп жатқан қамқорлықтар жайлы айтып беруін өтінген едік.

– Бүгінде кеңеске 1786 ардагер мүше, олардың 7-еуі фашистік Германия­ға қарсы асқан қаһармандықпен шайқасса, 28-і тылда жанқиярлықпен еңбек еткен. Қай-қайсысының өмір жолы алып қара­саңыз, ерлікке толы, жастар үшін үлгі-өнеге. Қоғамдық тәртіптің қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етуге қосқан зор үлес­тері әртүрлі дәрежедегі мемле­кет­тік наградалармен атап өтілген. Жақын­да Джура Кобелев деген май­дан­геріміз жүз жасқа толып, ОІІД-нің бас­шысы, генерал-майор Берік Біләлов­тің тарапынан үлкен құрмет көрсе­тілді. Иван Кузин, Григорий Красиль­ников, Шаяхмет Мырзахметов жергі­лік­ті әскери госпитальда ем-дом­дарын алып, денсаулықтарын оңал­тып қайтты. Соңғы екі жылда 125 арда­гер Алматыдағы «Қазақстан» санато­рийін­де тынығу мүмкіндігіне ие болды. Енді, міне, ішкі істер органының 160 ардагеріне ІІД-нің басшылығы аты­нан халықаралық көрмеге тегін жол­даманың берілуі тағылымды дәстүрдің өміршең жалғастығы болса керек, – деді С.Көпеев.

Қылмыспен күресте, алдын алуда, болдырмауда басын қатерге тігіп, үнемі алғы шепте жүрген аға буын өкіл­дері Отан деген асыл ұғымды көз­дің қарашығындай қадірлей біледі. Сол себепті қандай құрмет көрсетілсе де еш артықтық етпейді. Александр Сахаров, Базарбай Омаров, Михаил Бедных, Ольга Кузенкова секілді қо­ғам­­дық жұмыстарға белсене атсалы­сып жүрген ардагерлеріміз Астанаға ба­рып, халықаралық көрмені армансыз тама­шалайтын болады. 

Олардың ерлік істері мен небір қиын­дықты бастан өткерген өмір жолдары арқылы өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге баулу, елді, жерді сүюге тәрбиелеу басты мұратымыз болып қала береді. Бұл тұрғыдан сөз қоз­ғай­тын болсақ, атқарылып жатқан жұмыстар қыруар. ОІІД ғимараты жанына 752 жауынгердің есімі жазылған мемориалдық ескерткіш қойылған. Осыдан ширек ғасыр бұрын қызмет бабы кезінде әлдебір қаскүнемдердің қолынан қапияда қаза тапқан Ғазиз Есімов атындағы аллея жұмыс істейді. Жұмысқа орналасқан жас қызметкерлер осында келіп, гүл шоқтарын қояды, тағзым етеді. Сол сияқты Қызылжар ауданының Березовка елді мекеніне осы ауылдың тумасы, Кеңес Одағының Батыры Филипп Чижиковтың мүсіні орнатылды. Ведомоствоны талай жыл басқарған генерал-майор Михаил Барановтың құрметіне мемориалдық тақта қойылды. 

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20