2011 жылғы 7 маусым, Астана, Үкімет үйі
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы
«2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңының 11-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік): 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомасын аударуды; 2) облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын; 2) Министрлікке есептіден кейінгі айдың бесінші күніне дейін бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «7» маусымдағы № 640 қаулысымен бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне: 011 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»; 031 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» (оның ішінде кіші бағдарламалар бойынша): 102 «Үйде оқитын мүгедек балаларды жабдықтармен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз ету»; 103 «Орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыру»; 104 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құру»; 045 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарындағы оқу-өндірістік шеберханаларды, зертханаларды жаңарту мен қайта жабдықтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»; 046 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үшін оқу жабдығын сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарын, лингафондық және мультимедиалық кабинеттерді, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үшін оқу жабдығын мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде әрекет етеді. 4. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру; үйде оқитын мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз ету; негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыру; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құру; техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңарту мен қайта жабдықтау; педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үшін оқу жабдығын сатып алу жөніндегі іс-шаралар кешенін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. 5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың бесінші күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілеген нысан бойынша физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарын, лингафондық және мультимедиалық кабинеттерді, педагог кадрларының біліктілігін арттыру үшін оқу жабдығын мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жасалуы және орындалуы туралы есептерді ұсынады. 6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының және Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) негізінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді айдың алғашқы бес жұмыс күнінде (қаңтар айының жиырма бесінші күнінен кешіктірмей) аударуды жүргізеді. 7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді. 8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне тікелей және түпкілікті нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізу туралы жарты жылдықтың қорытындылары бойынша есептілікті ағымдағы жылғы 30 шілдеден кешіктірмей, жиынтық есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей береді.