Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалық етуімен министрліктің алқа отырысы болып өтті. Күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Қарулы Күштерінің сапа көрсеткіштеріне байланысты бірқатар мәселелер қаралды. Қатысушылар әскери тәртіп пен құқық қорғау жағдайын, сондай-ақ Қарулы Күштер инфрақұрылымдарының қысқа әзірлігін талқылады.
– Қорғаныс министрлігі қызметіндегі ұйымдастыру мәселелеріне ел басшылығы баса назар аударып келеді. Қарулы Күштердің өмір тынысындағы барлық бағыттар бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық шешімдер қабылдануда, – деп атап өтті өз сөзінде Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков. – Осыған байланысты және Әскери доктринаға сәйкес, сондай-ақ Мемлекет басшысының нұсқауымен өткізілген шаралар бізден, Қарулы Күштерден болашақта жауынгерлік әзірлік деңгейін көтеру үшін жүйелі талдау жасауды және тиімді шара қабылдауды талап етеді.
Күн тәртібіндегі – Қарулы Күштер инфрақұрылымының қысқы кезеңге әзірлігі туралы екінші мәселе де маңызды болды.
Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері.