Қазақстан • 16 Мамыр, 2017

Сарыағашта 26 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс істейді

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сарыағашта 26 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс істейді

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында 26189 шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс істеп келеді.

Олардың ішінде 1518-і заңды тұлғалар болса, 10556-сы шаруа қожалықтар, ал 14115-і жеке кәсіпкер. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев баяндады.

Әкім айтқандай, шағын және орта кәсіпкерлікте 45853 адам жұмыспен қамтылған. Олардың өндірген өнім көлемі 12514,3 млн теңгені құрап, 546,1 млн теңге көлемінде бюджетке қосымша салық түсірген.

«Осы шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қаржы ұйымдары арқылы 3292 тұлғаға 2010,9 млн теңге көлемінде несие берілді. Олардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласына бағытталған. Яғни, мал бордақылау, мал басын көбейту, жылыжай, егін шаруашылығы және сауда нүктелерінің айналымын арттыруға несие берілген», деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, 2017 жылы «Индустриалды инновациялық даму» бағдарламасы шеңберінде индустриаландыру картасына жалпы құны 560 млн теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба ұсынылып отыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»