Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Эстонияның Электронды басқару академиясының (e-Governance Academy) директоры Ивар Талломен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанда «Электронды үкіметті» жетілдіру мен одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Қазіргі таңда Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында берілген тапсырмаларды іске асыру аясында ел Үкіметі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеп жатыр. Цифрлық трансформацияны жүргізу, соның ішінде «проактивті үкіметке» ауысу, мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіне жаңа технологияларды енгізу «Электронды үкімет» инфрақұрылымының аудитін өткізуді талап етеді.