Қызылорда облысының кей жерлерінде шаң көтеріліп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ күтіледі, желдің күші 15-20 м/с болады. Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы, Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында желдің екпіні 23 м/с жетеді. Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.
Түнде Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 0-5 градусқа төмендеп, үсік жүреді.