Қазақстан • 17 Мамыр, 2017

Димаш Құдайберген Парижде қайырымдылық кешке қатысты

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Париждегі Global Gift Foundation қайырымдылық кешіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш Құдайберген Парижде қайырымдылық кешке қатысты

16 мамырда Франция астанасында өткен қайырымдылық кешті ЮНИСЕФ қолдауымен танымал актриса, продюсер және режиссер Ева Лонгория ұйымдастырды. Ол Димашты бұл шараға арнайы шақырған болатын. 
«Парижде 16 мамыр күні өтетін Global Gift Gala шарасында ән айту мен үшін үлкен абырой», – деп жазды әнші әлеуметтік желіде. 
Айта кетейік, Global Gift коммерциялық емес қайырымдылық қорының мақсаты – көмекке мұқтаж балалар мен әйелдерге, сондай-ақ отбасыларға қолдау көрсету.