Қазақстан • 17 Мамыр, 2017

Мәдени серіктестік даму үстінде

270 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­да­р­ламалық мақаласында «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық кар­та­сында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз де­сек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жо­ба­сын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыр­тқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени же­тіс­тіктерімізбен де тануы керек», деп атап өткен еді.

Мәдени серіктестік даму үстінде

Аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Президентінің Архиві шет­­ елдердегі жетекші архивтер, кітапханалар және ғылыми ор­­та­­лықтармен тығыз байланыс орнатып, серіктестік пен ын­тымақтастықты дамытуда. Қазақстан Президенті Архивінің қор­­ларына деген жылдан жылға ар­тып келе жатқан шетелдік зерт­теу­шілердің қызығушылығы және ар­хив істерін заманауи дәрежеде ұй­ымдастыруға деген ынта-жігер не­гізгі себепке айналып отыр.

Жыл сайын Архивтің оқу за­лында АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Жапония, Франция, Италия, Польша, Ресей, Түр­к­ия, Украина, Өзбекстан және бас­қа да елдерден зерттеушілер ке­ліп, жұмыс істеуде.

Өткен жылы АҚШ-тың Сол­түстік Каролина штаты уни­вер­си­тетінің профессоры, кеңес дәу­ірі­нің белгілі зерттеушісі Дональд Рейли, өзінің Кеңес Одағының бас­шылары туралы дайындап жат­қан еңбегіне пайдалану үшін Лео­нид Брежневтің Қазақстандағы қызметі туралы құжаттармен айналысты. АҚШ-тың Мэриленд штаты университетінен келген зерттеуші Сара Кэмерон Қазақстандағы ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық туралы монографиясын жазуда Архив қорларындағы деректерді кеңінен пайдаланды. Францияның Ұлттық ғылыми зерт­теулер орталығының зерт­теу­шілері Натали Лоран жә­не Ва­лери Познер қазақ кине­ма­то­гра­фиясының тарихи деректерін ар­хив­тік құжаттардан іздеді және т. б.

Шетелдік зерттеушілермен ұжым қызметкерлерінің шығар­ма­шы­­лық кездесулер өткізіп тұруы дәс­түрге айналған. Сырттан келген ғалымдар өз зерттеулері, қазақ­стан­дық және шетелдік архив­тер­дегі жұмыс ерекшеліктері туралы баяндап, архив саласына енгізіліп жатқан жаңалықтар жайында әңгіме қозғайды, талап-ті­лектерімен, ұсы­ныстарымен бө­лі­седі. Мұндай кездесулер өзара бай­ланыс орнатуға зерттеушілерді қызықтыратын та­қы­рыптарды білуге, оқу залының жұмысын жетілдіруге кө­мектеседі.

Соңғы жылдардың өзінде Архив Корея Республикасының Ұлттық архивімен ынтымақтастық туралы меморандумға, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетімен әлеу­меттік серіктестік туралы ке­лісімге, Холокост мемо­ри­ал­дық музейімен (АҚШ), Бре­мен уни­верситетінің Шығыс Еуро­па­­ны зерт­теу орталығымен (ГФР) ын­ты­­мақтастық туралы келі­сім­дерге қол қойды.

Биылғы жылы Архив қыз­мет­керлері АҚШ-қа жұмыс сапарымен бар­ды. Сапарды ұйымдастырушы – АҚШ Мемлекеттік департаменті қазақстандық архивистердің қа­лау­­ларын ескеріп, америкалық әріп­тес­тердің тәжірибесімен танысуға жағдай жасады. АҚШ Ұлттық ар­хи­вінің әкімшілігіндегі (NARA), Джон Ф. Кеннеди Президенттік кітапханасында, АҚШ Конгресс кі­тапханасындағы болған кезде­су­лер архив ісін жетілдіру жә­не электронды архив құру мәсе­ле­лері жөнінде көптеген пайдалы мәліметтер алуға мүмкіндік бер­­ді. АҚШ президенттері қол­­жазбаларының түпнұсқалары сақ­­таулы АҚШ Конгресс кітап­ха­нас­ының қоймаларын аралап, та­ны­су ерекше әсер қалдырды.

АҚШ Конгресс кітапханасы – әлем­нің ең ірі кітапханаларының бі­рі, онда көптеген тілдерде кітап­тар, газет-журналдар, тарихи карта­лар сақтаулы. Кітапхана 1800 жылдан бастап ең басты ұлт­­тық кітап сақтаушысы, АҚШ Конгресінің негізгі ғылыми ор­талығы және елдің ең ірі ақпараттық мекемесі бо­лып табы­ла­ды. Кі­тапхана мем­лекеттік ор­гандарға ғана емес, сонымен қатар зерттеу ме­ке­мелеріне, жеке компанияларға, мек­тептен университеттерге дейін оқу орындарына қызмет етеді. Мұн­да көп­те­ген іс-шаралар: мектеп са­бақ­та­р­ы, кітап көрмелері, белгілі орын­дау­шы­лардың концерттері, су­рет вернисаждары өткізіледі. Кітап­ханаға күніне дүниенің түк­пір-түкпірінен шамамен 12 000 басылым түседі.

Қазақстандық мамандар мекеме қыз­метін ұйымдастыру, кітапхана ісін сандық форматқа көшіру және қағаз беттеріндегі кітаптарды ска­не­р­­леу процестерімен танысты. Кі­тапхананың сақтау бірліктерінің 10 %-ға жуығы сандық форматқа ауыс­тырылған екен, оның ішінде қа­зақстандық басылымдар да бар. Әсіресе, ХХ ғасырдың ба­сын­да түсірілген Әулиеата қа­ла­­сы, Қоя­нды және Шымкент жәр­­мең­келерінің фотосуреттері біздер­ге ерекше әсер қалдырды. Өз ке­зегінде қазақстандық архивис­тер Конгресс кітапханасына қа­зақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі отан­дық басылымдарды сыйға тартты. Оның ішінде Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының Тұңғыш Пре­зи­денті Н.Ә.Назарбаев туралы кі­таптар бар.

Борис ЖАПАРОВ,
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры,

техника ғылымдарының докторы, профессор