Осыған дейін Францияда өтетін жиынға Димашты америкалық актриса Ева Лонгория шақырғаны туралы хабарланған еді. 16 мамырда Парижде болған Гала-кешті ЮНИСЕФ қолдауымен танымал актриса, продюсер және режиссер Ева Лонгория ұйымдастырды.
«Парижде 16 мамыр күні өтетін Global Gift Gala шарасында ән айту мен үшін үлкен абырой», - деп жазды әнші желіде.
Айта кетейік, Global Gift коммерциялық емес қайырымдылық қорының мақсаты - көмекті қажет ететін балалар мен әйелдерге және отбасыларға қолдау көрсету. Ева Лонгория мен ол негізін қалаған Eva Longoria Foundation және Global Gift Foundation қайырымдылық қоры бірнеше жылдан бері бірлесіп қызмет етіп келеді.