Қайырымдылық акциясын Түменде тұратын қандастарымыздың ұлттық-мәдени автономиясы ұйымдастырды. Автономия төрағасы Есенғали Ибраевтың айтуынша, ондаған кәсіпкерлер қаржылай, заттай қол ұшын беріп, достық құшақтарын айқара ашқан. Олардың қатарында Ерген Тобылжанов, Гайдан Мурзанов, Артур Гараев, Николай Мамнонтов секілді меценаттар бар.
«Түмен облысының Ишим қаласының бір бөлігін тасқын су жайлағанда, солтүстікқазақстандықтар бей-жай қалмаған болатын. Жақсылықтың қайтарымы ретінде Ишим кондитер фабрикасының ұжымы да қайырымдылық шараға қызу үн қосып, азық-түлік тағамдарын беріп жіберді», дейді арнайы делегацияны бастап келген Қайныш Құсайынова.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»