Хост-бродкастер барлық 93 күн бойы Көрме аумағынан телевидение және радио арқылы хабар тарататын болады. «Қазақстан» телеарнасы шараның басынан аяғына дейін тікелей көрсетілім жүргізеді. Телевизиялық сигнал алдын ала берілген өтінімдер бойынша Көрменің Медиа Орталығына, ҚМО және шетелдік ақпарат құралдарына беріліп отырады.
Күн сайын Халықаралық Көрме аумағында 10 және 5 камера жұмылдырылған 4 жылжымалы телевизия стансасы, 2 мобильдік спутник стансасы жұмыс істейтін болады. Жалпы Экспо-2017 көрмесін ақпараттық сүйемелдеуге «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның барлық техникасы мен 146 техникалық қызметкері жұмылдырылады.
Сонымен қатар, Live-режимінде шараның ашылу салтанатынан хабар таратуға бірнеше еуропалық және америкалық арналар өтінімдерін алдын ала беріп қойды.
«Астана «ЭКСПО-2017» бродкастингін ұйымдастырудағы басты ерекшелік – тиісті аймақтық телеарналардан бастап, халықаралық телеарналардың барлығы Көрмедегі «картинаны» тегін пайдалана алады.
«Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамы Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми хост-бродкастері болды, деп хабарлайды Көрменің ресми сайты.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32