Аймақтар • 17 Мамыр, 2017

Қарағандыда ауа райы күрт суытады

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағандыда ауа райы күрт суытады

Қарағанды облысы бойынша ТЖ департаменті өңірдегі ауа-райының күрт өзгеретіндігін ескертеді.

«17-19 мамыр аралығында облыстың әсіресе солтүстік және орталық аудандарында -5 градусқа дейін суық болады деп күтілуде. Тұрғындардың ауа-райы өзгерістері жайлы ақпаратты бақылап, сақ болуға, балаларды қараусыз қалдырмай, күн райына қарай киінуге кеңес беріледі. Бұдан өзге, түнгі уақыттарда және ауа-райы суытқан жағдайда алыс сапарларға шықпау керектігі ескертіледі», деп хабарлайды ТЖ департаменті.

Сондай-ақ, ТЖ комитеті еліміздің басқа да төрт аудандарында ауа температурасының күрт төмендеуін алдын ала ескертеді. ТЖ комитетінің хабарлауынша, 16-17 мамыр күндері түнгі уақыттарда Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, 17 мамыр күні түнде Ақмола және Қостанай облыстарының кей жерлерінде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.