«MJA Entertainment’s промоутерлік компаниясымен де, Майк Альтамурамен де келісімшартымды бұздым. Себебі, ол келісім бойынша жасалған міндеттерін әрі уәдесін орындай алмады. Иван Дычко екеуіміз онымен бірге жұмыс істемейтін болып шештік. Ал өзге нұсқаларды әзірге қарастырмадым. Ұлттық құрамаға қайта оралуым да әбден мүмкін. Жақын күндері карьерама байланысты нақты бір шешімге келемін», деді Олимпиада чемпионы.
Данияр Елеусінов сондай-ақ, Азия чемпионатында өз салмағында, яғни 69 кило салмақта жұдырықтасқан Абылайхан Жүсіпов жайлы пікір білдірді.
«Абылайхан Жүсіповті Азия чемпионатында жоғары деңгейде жұдырықтасты деп есептеймін. Оның болашағынан үлкен үміт күтуге болады. Небәрі 20 жаста. Олимпиадаға қатысты. Ал қазір салмақ дәрежесін арттырды. Технико-тактикалық жағынан да, физикалық тұрғыдан да күшейген. Азия чемпионатын финалды есепке алмағанда жоғары деңгейде өткізді. Ал финал тең дәрежеде өткен еді, бірақ көп нәрсені нокдаун шешіп кетті», деді Елеусінов.