Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Атырау, Қызылорда облыстарының жекелеген жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін артады, күндіз шаңды дауыл көтеріледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейіп, тұман болады.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі.
Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында ауа температурасы -4 градусқа дейін төмендейді.
Павлодар облысының жекелеген жерлерінде топырақ бетінде 0-2 градус үсік жүреді.