Қазақстан • 20 Мамыр, 2017

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы әкімінің өкімімен қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысы болып Қамалжан Надыров тағайындалды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қамалжан Надыров С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің түлегі (2000-2006), «Тұран» университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған (2006-2009), Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің магистратурасында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығын оқыды.

Еңбек жолы 2007 жылы Б.О.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығында басталып, клиникалық ординатор қызметінен бас директордың әкімшілік-экономикалық мәселер жөніндегі орынбасарлығына дейін көтерілді.

2014-2015 жылдар аралығында ҚР денсаулық сақтау министрлігінде түрлі қызметтерді атқарды.

Жаңа қызметке дейін «University Medical Center» республикалық диагностикалық орталығын басқарды.