Аймақтар • 20 Мамыр, 2017

Нығматуллин: Терроризмнің алдын алу шараларын күшейтуге қатысты жаңа заң жобасын әзірлеу қауіпсіздіктің нығаюына қызмет етеді

191 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс төрағасы Парламент экстремизммен терроризмге қарсы іс-әрекет таныту жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңдық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу жөнінде Заң қабылданғанын әрі мұнда қылмыстық жауапкершілік талаптары күшейтілгенін алға тартты.

Нығматуллин: Терроризмнің алдын алу шараларын күшейтуге қатысты жаңа заң жобасын әзірлеу қауіпсіздіктің нығаюына қызмет етеді

Қару айналымына бақылау жасау ісіне де осындай көзқарас тән. Ішкі көші – қон тәртібін реттеуде де іргелі қадамдар жасалды. Осы арада аталған заң кең ауқымды қоғамдық талқылауға ие болғанын айту парыз.

Көшпелі отырыста баяндама жасаған ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, терроризмге қарсы орталық басшысының орынбасары Нұрғали Білісбеков елімізде экстремизмге қарсы күрестің алдын алу шараларын реттейтін 2017-2020жылдарға арналған тұжырымдаманың ерекшелігіне тоқталды. Бұл қатерді тек бір ғана күштік құрылымдар арқылы ауыздықтау мүмкін емес. Ең алдымен терроризмге қарсы іс-шараларға әлеуметтік, тәрбиелік және адамгершілік сипат берілсе, бұл іс соғұрлым нәтижелі болмақ. Бұл мәселеде терроризмге қарсы өңірлік комиссияларға үлкен жауапкершілік жүктеледі дей келе Н.Д.Білісбеков Ақтөбедегі осындай комиссия қызметін үлгі ретінде алға тартты.

Көшпелі отырыста ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин қорытындылап, оған қатысқандардың сындарлы ой-пікірлері мен ұсыныстары үшін ризашылығын жеткізді. Әрі талқыланған мәселелердің діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын күшейтуге қатысты жаңа заң жобасын әзірлеуге негіз болатынын атап көрсетті.

Спикердің мәлімдеуінше бұған барлық қазақстандық қоғам мүшелерінің ресурстары жұмылдырылмақ.

Нұрлан Зайдоллаұлының түйіндеуінше бұл заңдардың әзірленуі мен қабылдануы еліміздегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің және бейбітшілік пен келісімнің одан әрі нығаюына қызмет жасамақ.

Темір Құсайын,
«Егемен Қазақстан»