Комитеттің Батыс аймақтық құрылымдары арасында өтіп, оған Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан командалары қатысты. Екі күнге жалғасқан сайыста ҰҚК қызметкерлері спорттың бес түрінен күш сынасты. Нәтижесінде қарсылас шақ келтірмеген Ақтөбе Ұлттық комитет командасы жеңімпаз атанды. Ал командалық есепте екінші орынға Маңғыстау командасы, үшінші орынға атыраулық команда тұрақтады. Сайыс қорытындысында жүлдегер атанған командалар бағалы сыйлықтар мен кубоктармен марапатталып, республикалық сайысқа жолдама алды. Жеңімпаздары Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов құттықтап, марапаттады.
«Сайыс қызықты, тартысты өтті. Сақадай-сай дайындықпен келген өз әріптестерімізді жеңіп шығу бізге оңай болған жоқ. Екі күн бойы сайысты жақсы ұйымдастырғаны үшін маңғыстаулықтарға рахмет айтамыз», дейді Ақтөбе облысы ҰҚК жедел қызметкері Т.Есенғалиев.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ